Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Нұрлыбек Баймұратов (1887, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы — 1969, сонда) — ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1939).

Нұрлыбек Баймұратов

  • Басты бет
  • Нұрлыбек Баймұратов

Нұрлыбек Баймұратов (1887, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы — 1969, сонда) — ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1939).

Найман тайпасының Бура руының Кенжалы бөлімінен шыққан. Ауыл мектебінен ескіше сауат ашқан. Орыс көпестерінде жұмыс істей жүріп, орыс тілін үйренген. Шығармалары 1924 жылдан мерзімді баспасөзде жариялана бастады. Осы жылы “Қала сұлуы” дастанын жазған. Ел аузында сақталған ауыз әдебиеті үлгілерін насихаттаумен қатар ол халық ақындары И. Байзақов (1922), Н. Бекежанов (1939), М. Жапақов (1943), Т. Көбдіковтермен (1949) айтысты. Нұрлыбектің соғыс жылдарында жазған қаһармандық рухтағы өлеңдері, Төлеген Тоқтаровқа арнаған “Ер Төлеген” (1945), азамат соғысы тақырыбына бағытталған “Қанды жорық” (1962) дастандары халық арасына кең тараған. Ақын жырлары “Пернедегі термелер” (1965), “Айтыс” (1965) жинақтарында, сондай-ақ “Өлеңдер” (1957), “Қазына” (1982) атты жеке кітаптарында жарық көрді.

Шығармалары

  • Ер Төлеген. Дастан. А., ҚМ КӨБ, 1945;
  • Өлеңдері мен дастандары. А., ҚМ КӨБ, 1957;
  • Қанды жорық. Дастан. А., ҚМ КӨБ, 1962;
  • Қазына. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1982.

Сілтемелер

  • Айтыс
  • Ақын
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 09, 2026

    КСРО елтаңбасы

  • Мамыр 24, 2026

    Куба (арал)

  • Сәуір 06, 2026

    Һұд пайғамбар

  • Наурыз 13, 2026

    Шәмші Қалдаяқов

  • Сәуір 29, 2026

    Тезек төре

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары