Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Нұрымбек Жанділдин (1918 тамыздың 20, Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауданы - 1990 жылы, Алматы қаласы) – философия ғылымдарының докторы (1965), профессор (1967).

Нұрымбек Жанділдин

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Нұрымбек Жанділдин (1918 тамыздың 20, Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауданы - 1990 жылы, Алматы қаласы) – философия ғылымдарының докторы (1965), профессор (1967). Қазақстан Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі (1970).

Қысқаша өмірбаяны


Үлгі:InfoboxАрғын тайпасының Қаракесек руының Шаншар бөлімінн шыққан.

  • 1941 - Қазақ педагогика гимназиясын бітірген.
  • 1941–43 - Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауданы партия коммитетінің бөлім меңгерушісі қызметін атқарған.
  • 1944–46 - БК(б)П ОК Жоғары партия мектебінің тыңдаушысы, содан кейін БК(б)П ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясының аспиранты болды.
  • 1949 ж. - Қазақстан КП ОК жанындағы партия мектебінің аға оқытушысы, кафедра меңгерушісі;
  • 1951–55 - Қазақстан КП ОК-нің ғылыми және жоғары оқу орындары бөлімінің меңгерушісі;
  • 1955 ж. - Қазақстан ҒА философия және құқық секторының меңгерушісі;
  • 1956 ж. - Қазақстан КП ОК жанындағы Партия тарихы институтының директоры;
  • 1957–65 - Қазақстан КП ОК-нің хатшысы және бюро мүшесі;
  • 1965–67 - Қазақстан ғылым академиясының академик-хатшысы;
  • 1967–76 - Алматы педагогика шет тілдер институтының ректоры қызметтерін атқарды.
  • 1976 жылдан - өмірінің соңына дейін Алматы темір жол көлік инженерлері институтының (қазіргі Қазақ көлік және коммуникация академиясы) кафедра меңгерушісі болды.

Еңбектері

  • 196] ж. «Развитие национальных отношений в КСРО» (Доклад по совокупности опубликованных работ) деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған.

Негізгі ғылыми еңбектері тарихи прогресс, ұлттық қатынастар мен ұлт мәдениетін дамыту, ұлттық психология мәселелеріне арналған.

Шығармалары

  • "Советтік Қазақстанда мәдениет пен ғылымның гүлденуі", 1956;
  • "Природа национальной психологии", 1971;
  • "Монолитное единство", 1976.

"Еңбек Қызыл Ту" орденімен және медальдармен марапатталған.

Сілтемелер

БІРІНШІ ХАТШЫДАҒЫ ҚАБЫЛДАУ(қолжетпейтін сілтеме)

Жоғары