Операция (лат. operatіo – іс-әрекет) – компьютердегі мәліметтермен орындалатын белгілі бір іс-әрекет. Алгоритм орындауда, бағдарламалау тілдерінде Операциялардың арифметикалық, логикалық, салыстыру, символдарды өңдеу сияқты түрлері бар. Операцияның мәнін, мағынасын, реттілігін таңбалар тізбегі анықтайды. Мысалы, арифметикалық Операция белгілері “+”, “–”, т.б. Операциялардың орындалу реті алдын ала бекітілген, олардың бір-бірінен басымдылығы қосымша жақшалар қою арқылы белгіленеді. Компьютерлік технологияда Операция ұғымына мәліметтер мен объектілер арқылы орындалатын көптеген әрекеттер жиыны да жатқызылады. Мысалы, “файл ашу”, “символ өшіру”, “ақпаратты қағазға шығару”, т.б.
- Бағдарламау