| Ор қоян | ||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() | ||||||||||||||
| Амандық күйі | ||||||||||||||
| Сурет:Status IUCN LC.svg Least Concern (IUCN) | ||||||||||||||
| Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
| Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
| Lepus europaeus Pallas, 1778 | ||||||||||||||
![]() European Hare range (dark red - native, red - introduced) |
Ор қоян (лат. Lepus europaeus) – қоян туысының бір түрі, қояндардың ішіндегі ең ірісі.
Дене тұрқы 53 – 69 см, салмағы 3,5 – 5,8 кг. Артқы аяқтары алдыңғысына қарағанда екі есеге жуық ұзын. Түсі әр маусымда әр түрлі. Жазда және қысқа қарай құйрығында қара жолақ пайда болады. Қазақстанның батысы мен солтүстігінде, әсіресе Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында таралған. Шөл, шөлейт, далалы жерлерді мекендейді. Іні су жағалауларында, бұталардың түбінде, орманның жиегінде болады. Тіршілік әрекеті іңірде және түнге қарай басталады. Жылына 2, кейде 3 рет (44 – 46 күнде бір рет), 3 – 9 көжектен туады. Денесін қалың түк басқан, көжегі – көзі ашық, ширақ болып туады, бірден жүріп кетеді. 12 жылдай тіршілік етеді. Өсімдікпен қоректенеді. Көбейіп кетсе бау-бақшаға зиян келтіреді. Сондай-ақ, туляремия ауруын таратады. Ор қоян еті, терісі үшін ауланады.
- Қауіптен тыс түрлер
- Қояндар
