

Орман қоры – мемлекет аумағындағы барлық ормандар мен орман шаруашылық қажетіне арналған жерлер. Орман қоры меншік түрі мен пайдаланушысына орай мемлекеттік және жекеше болып бөлінеді. Мемлекеттік орман қорына ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы ормандар, табиғи және қолдан өсірілген ормандар, орман шаруашылық қажетіне берілген ормансыз жерлер, халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темір жолы, автомобиль жолы, канал, магистралдық және басқа да желілік құрылыстардың белдеуіндегі ені 10 м-ден кем емес, алаңы 0,05 га-дан үлкен қорғаныш екпелері жатады. Жекеше орман қорына орман өсіру үшін нысаналы мақсатта жеке және мемлекеттік заңды тұлғаларға жеке меншікке немесе ұзақ мерзімді пайдалануға берілген жерлердегі, солардың қаражатына жасалынған, ені 10 м және одан кеңірек, алаңы 0,05 га-дан астам қолдан өсірілген ормандар, агромелиорация және арнаулы плантация екпелер жатады.
- Орман шаруашылығы