Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Орта мектеп — жалпы не арнаулы орта білім беретін оқу орны. Орта ғасырлардағы еуропалық Орта мектептерде діни және «жеті салалық классикалық өнер» атты білім тү

Орта мектеп

  • Басты бет
  • Орта мектеп

Орта мектеп — жалпы не арнаулы орта білім беретін оқу орны. Орта ғасырлардағы еуропалық Орта мектептерде діни және «жеті салалық классикалық өнер» атты білім түрлері сатылана оқытылды. Қайта өрлеу дәуірінде қоғам дамуының жаңа талаптарына сәйкес түрлі типтегі гимназия, колледж, пансионаттар мен арнаулы (әскери) училищелер пайда болды. Орта ғасырлардағы Орта Азия елдерінде, оның ішінде қазақ даласында медреселер кең тарады. Олар мешіттер жанында болды, ал қалалардағы ірі оқу орындары дербес жұмыс істеді. Медреселерде діни және дүнияуи пәндер оқытылды. Медресе ұстаздары жекелеген шәкірттерді бейімділігі мен қабілетіне орай жеке-дара баулып, дінтану, философия, математика, астрономия, медицина, т.б. ғылым салаларын тереңдете оқытты. Ресей отарына айналғаннан кейін Қазақстанда медреселермен қатар орыс, орыс-қазақ және қазақ мектептері мен училещелері ашыла бастады. 1917 жылы Қазақстанда 17 Орта мектеп– 4 реалдық училеще, 4 ерлер және 9 қыздар гимназиясы жұмыс істеді. Оларда қазақтан 139 ұл, 76 қыз бала оқыды. Кеңес өкіметі құрылған соң Орта мектептер 9 жылдық бірыңғай еңбек мектебі болып қайта құрылды. Сонымен қатар Орта мектептің жаңа түрі – жұмысшы факультеттері дүниеге келді. 1932 – 33 оқу жылынан бастап Орта мектеп онжылдыққа айналды. КСРО-дағы Орта мектептер қатарын дүниежүзілік соғыс жылдары жұмысшы және шаруа жастары мектептері толықтыра түсті. Соғыстан кейінгі жылдары жалпы білім беретін еңбек политехникалық мектептері, жалпы және арнаулы орта білім беретін техникумдар мен училещелер құрылды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде жалпы орта білім Орта мектептерде бастауыш, негізгі және жоғары сатылар бойынша, кәсіптік мектептер (лицейлер) мен колледждерде күндізгі және кешкі оқыту түрінде беріледі. Кәсіптік мектептер мен колледждерде кәсіби біліммен қатар жалпы орта мектептің жоғары сатысының бағдарламасы да оқытылады.

Орта мектеп
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 04, 2026

    Испан тілі

  • Наурыз 21, 2026

    Корея Республикасы

  • Сәуір 06, 2026

    Баск елі

  • Сәуір 08, 2026

    Меңдіқара ауданы

  • Сәуір 05, 2026

    Ақ аю

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары