Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Освенцим лагері (Аушвиц-Биркенау) — Освенцим қаласының маңында 1940–1945 жылдары жұмыс істеген немістердің концентрациялық және өлім лагерьлерінің кешені. Бұл л

Освенцим лагері

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
(қыркүйек 2022)

Освенцим лагері (Аушвиц-Биркенау) — Освенцим қаласының маңында 1940–1945 жылдары жұмыс істеген немістердің концентрациялық және өлім лагерьлерінің кешені. Бұл лагерлер жүйесі 1940 жылы Польшаның оңтүстігінде салынған. 1942 жылдан 1944 жылдың орта шеніне дейін мұнда еврей халқы күштеп қоныстандырылған. Басты лагерь – «ОСВЕНЦИМ-І» деп аталса, Биркенау немесе «ОСВЕНЦИМ-ІІ» басты өлім орталығы болған. Ал Моновиц және «ОСВЕНЦИМ-ІІІ» көмірден жанармай шығаратын ірі өнеркәсіп болған. Одан бөлек, әскери экономикаға жұмыс істейтін жапсарлас жатқан ондаған лагерь болған.

Лагерь 1945 жылғы 27 қаңтарда Қызыл Армияның 1-ші Украин майданы 60-шы армиясының жауынгерлерімен азат етілді.. Лагерьдің азат етілген күні БҰҰ тарапынан Халықаралық Холокост құрбандарын еске алу күні болып белгіленді.

1941–1945 жылдары Освенцимде шамамен 1,1 миллион адам, оның ішінде 1 миллионға жуық еврей өлтірілді. Аушвиц-Биркенау нацистік жою лагерлерінің ішіндегі ең ірісі әрі ең ұзақ жұмыс істегені болды, сондықтан ол Холокосттың басты символдарының біріне айналды.

1947 жылы лагерь аумағында ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізілген мұражай құрылды. Мұражай Польша Мұражайларының мемлекеттік тізіміне тіркелген.

Холокоста құрбандарын еске алудың халықаралық күні

Бұл резолюцияны Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 2005 жылғы 1 қарашада қабылдаған. Холокоста құрбандарын еске алу күнінің рәміздік мағынасы бар. Бұл күн кеңес әскерлерінің «Освенцим-Биркенау» өлім лагеріндегі әскери тұтқындарды босату күніне арналған. Бұл оқиға 1945 жылы 27 қаңтарда болған. Содан бері әлем халқы бұл күнді тұтас ұлтты жойып жібере жаздаған үлкен геноцид деп еске алады. Сол сұмдық апаттан аман қалғандар Израиль мемлекетінің негізін қалады. Сондықтан израильдіктер үшін бұл ерекше күн саналады.


Жоғары