Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

“Отырар сазы”, Н.Тілендиев атындағы – Қазақтың мемлекеттік академиялық фольклорлы-этнографиялық халық аспаптары оркестрі. Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік фило

Отырар сазы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Отырар сазы

“Отырар сазы”, Н.Тілендиев атындағы – Қазақтың мемлекеттік академиялық фольклорлы-этнографиялық халық аспаптары оркестрі. Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филормониясы жанынан 1980 жылы құрылған. Оның көркемдік жетекшісі әрі бас дирижёрі Н.Тілендиев бастап құрған шағын ансамбль ретінде ұйымдастырылып, 1982 жылы оркестр деңгейіне көтерген.


Оркестрдің құрамында домбыра мен қобыздан басқа қазақтың жетіген, шертер, шаңқобыз, месқобыз, сазсырнай, сыбызғы, асатаяқ, дауылпаз, тұяқтас, қоңырау, т.б. музыкалық аспаптары бар. Оркестр репертуарындағы фольклорлық туындылармен қатар аңыз, шежіре, күйлер сипатында жазылған Қазақстан композиторларының шығармалары ұлттық нақышымен ерекшеленеді. Сондай-ақ оның репертуары кинофильмдер музыкасымен, солисттер орындайтын аспаптық шығармалармен толықтырылған. Ұжым қазақтың музыкалық фольклорының тамаша үлгілерін сақтап қана қоймай, қазіргі мәнерлеу аспаптары мен оркестрдің тембр мүмкіндігіне сәйкес келетін туындыларды өңдеп, жетілдіріп келеді. Оркестр құрамында 65 өнер шебері қызмет етеді. Солтүстік Кореяда өткен дүниежүзілік өнер фестивальінде (1994) “Отырар сазы” 1-орынды иеленіп, алтын жүлдемен оралды. 1999 жылы оркестрге Нұрғиса Тілендиев есімі, 2000 ж. Академиялық атақ берілді.

Оркестрдің репертуарында: халық күйлері - “Кеңес”, “Сары өзен”, “Сал күрең”; халық композиторларының шығармалары: “Қосбасар”, “Сарыжайлау; Тәттімбеттің “Сылқылдағы”; Ықыластың “Қамбар батыры”; М. Төлебаевтың “Еске алуы”; Н. Тілендиевтің “Ата толғауы”, “Қош керуені”; «Әлқисса»; «Аққу»; «Асыл әже» әні; «Махамбет»; Е.Үсеновтің «Шыңырау құсы», «Қаршығаның төкпесі»; Құрманғазының «Сарыарқа», «Адай», «Балбырауын»; К. Күмісбековтың “Қорқыт күйі”, “Фараби сазы” және т. б. бар.

Қазіргі уақытта оркестрдің дирижёрлері: Дінзуһра Нұрғисақызы Тілендиева — бас дирижёрі және көркемдік жетекшісі, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері.

Жалғасбек Әмірханұлы Бегендіков — дирижёр, «Құрмет» орденінің кавалері.

Әбілқайырхан Бейсеков — дирижёр, халықаралық байқаулардың лауреаты.

Жоғары