Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Палау Республикасы (пау. -{Beluu er a Belau}-, ағылш. Republic of Palau) — Тынық мұхиттың Филиппин теңізінде орналасқан, құрғақ шекарасы жоқ, АҚШ-пен байланысқа

Палау Республикасы

  • Басты бет
  • Палау Республикасы
Координаттар: 7°29′11″ с. е. 134°33′12″ ш. б. / 7.48639° с. е. 134.55333° ш. б. / 7.48639; 134.55333 (G) (O) (Я)

Палау Республикасы (пау. -{Beluu er a Belau}-, ағылш. Republic of Palau) — Тынық мұхиттың Филиппин теңізінде орналасқан, құрғақ шекарасы жоқ, АҚШ-пен байланысқан арал мемлекеті.

Палау Республикасы
пау. -{Beluu er a Belau}-
ағылш. Republic of Palau
жапон. パラオ共和国
Герб
Байрақ Елтаңба
Әнұран: «Belau loba klisiich er a kelulul» (тыңдау (ақп.))
Тарихы
Тәуелсіздік күні 1 қазан 1994 жыл (АҚШ-тан)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілдері ағылшын, палау тілдері, жапон тілдері (тек Ангаур аралында)
Елорда Нгерулмуд
Ірі қаласы Корор
Үкімет түрі Партиясыз жүйедегі Унитарлы президенттік республика
Президенті
Вице-президенті
Сурангел Уиппс
Удуч Джерлин Сенгебау
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
Әлем бойынша 180-ші-орын
459 км²
Жұрты
• Сарап (2018)
• Санақ (2013)
• Тығыздығы

17,907 адам (224-ші-орын)
20 918 адам
46,7 адам/км²
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
 • Қорытынды (2018)
 • Жан басына шаққанда

300 млн. $
16,296 $ (81-ші-орын)
ЖІӨ (номинал)
 • Қорытынды (2018)
 • Жан басына шаққанда

321 млн. $
17,438 $
АДИ (2017) ▬ 0,798 (жоғары) (61-ші-орын)
Валютасы АҚШ доллары
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі .pw
ISO коды PW
ХОК коды PLW
Телефон коды +680
Уақыт белдеулері +9
 Басқа мағыналар үшін Палау деген бетті қараңыз.

Елордасы — Мелекеок қаласы (1998 жылға дейін елордасы Корора қаласы еді).

Мазмұны

Атауы

Географиясы

Филиппиннен 500 шақырым шығысқа қарай орналасқан. Жалпы көлемі 458 шаршы шақырым, 200 шамасында аралдарынан құрастырылған. Палау архипелагы (шоқ аралдары) Мариан аралдарының бір бөлігі.

Аралдардағы орташа температура — Цельсий бойынша 24-28 градус.

Әкімшілік бөлінуі

Халқы

1998 жылы халық саны 18,1 мың адам шамасында еді (2007 жылы — 20,8 мың адамға өсті). Палау мемлекеті 200-ге жуық аралдан тұрады, ең ірісі – Бабелтуап. Халқының 80%-ы палаулықтар, қалғаны филиппиндіктер. Жергілікті халық негізінен полинезиялық, меланезиялық және малайзиялық нәсілдердің араласуынан пайда болған. Ресми тілі – ағылшын тілі, сондай-ақ палау, каролин тілдері де қолданылады. Негізгі дін — мәсіхшілік (католиктер мен протестанттар). 10% халық шамасында жергілікті діндерді ұстанады. Тұрғындардың 40% католик, 20% протестант, қалған бөлігі жергілікті наным-сенімдерді ұстанады.

Тарихы

Палау архипелагын адамдар б.з.б. 1000 ж. шамасында қоныстана бастаған. Аралдарды алғаш рет 1543 ж. испан теңізшісі Руи Лопес де Вильялобос ашқан. 16 – 17 ғасырларда испандықтар Палау аралдарын толық отарлайды. 1710 жылы Германия Палау аралдарын испандықтардан сатып алған.

16 ғасырдан бері Испанияға тәуелді еді. Испан-американ соғысынан кейін Испания Филиппинсіз қалды және Палау аралдарын Германияға сатты.

1914 жылы Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Жапония осы аралдарды жаулап алып, 1920 жылы Ұлттар Лигасынан Палау аралдарын бағуға рұқсат беретін мандат алады.

1947 жылы Палау Американың бақылауына түсіп, Микронезияның құрамына кірді.

1993 жылдың қараша айында Палаудың «АҚШ-пен еркін біріктірілген мемлекет» деңгейі қабылданды.

БҰҰ-ның қамқорлық жөніндегі кеңесі 1986 жылы 28 мамырда қабылдаған 2183-резолюциясына сәйкес 1994 жылының қазанның 1-інде Палау Республикасының тәуелсіздігі жарияланды. АҚШ-пен еркін біріктірілу туралы келісімнің мерзімі 2009 жылы аяқталады, бірақ оның ұзатылуының мүмкіндігі бар. Бірақ осыған қарамастан арал халқы әлі өз таңдауын жасамаған, сондықтан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарауында қалып отыр.

Саясат жайғасы

Мемлекет 16 штаттан тұрады. Үкімет басшысы — президент, парламент екі палатадан құрастырылған (сенат пен делегаттар палатасы).

Қазіргі Елбасы — президент Томас Эсанг Ременгесау.

Экономикасы

Палау экономикасының негізі — саяхат (туризм), балық аулау, мал бағу, қолөнерлер. ВВП деңгейі — 124,5 млн. долл. (2004 ж.), негізінде АҚШ субсидияларынан құрастырылған. 2004 жылы импорт көлемі (107,3 млн. долл.) экспортті (5,8 млн. долл.) 20 есе асқан.

Ұлттық ақшасы — АҚШ доллары.

 
Корор қаласының күнделікті ауа-райы

Мәдениет және қоғам

Тағы қараңыз: Палау музыкасы
 
Дәстүрлі палаулық бай

Палау қоғамы өте қатаң матрилинейлік жүйені ұстанады. Матрилинейлік әдет-ғұрыптар Палау дәстүрлерінің барлық аспектілерінде кездеседі, әсіресе жерлеу, үйлену, мұрагерлік және дәстүрлі атақтарды беру сияқты салттарда.

Палау тағамдарына маниок, таро, ямс, картоп, балық және шошқа еті сияқты жергілікті тағамдар кіреді. Сонымен қатар, Палау тағамдарына жапон, америкалық және Филиппин тағамдары үлкен әсер еткен, себебі Филиппиннен келген жұмысшылардың көптігі байқалады. Жеміс жарқанатының сорпасы Палауың деликатесі болып саналады. Кейбір жергілікті сусындарға ағаштағы кокостан жасалған алкогольді сусын; кава тамырынан жасалған сусын; және бетель жаңғағын шайнау жатады. Палауда тама деп аталатын десерт дамыған.

Әлеуметтік саласы

Палауда а. ш. (тропик. егіншілік) пен балық аулау жақсы дамыған. Экспортқа копра, кокос майы, қолөнер бұйымдарын шығарады. Сырттан азық-түлік тағамдары, а. ш. жануарлары, машиналар мен көлік жабдықтары, отын, химия өнеркәсібі өнімі, өнеркәсіп тауарлары, сусындар, темекі әкелінеді. Негізгі сауда әріптестері АҚШ, Ұлыбритания, Тынық мұхиты елдері. Басты порт – Корор. Соңғы жылдары туризм дамып келеді.

 
Палау аралдары

Қарулы күштері

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 07, 2026

    Жошы әулеті

  • Сәуір 08, 2026

    Ақмая (ауыл)

  • Сәуір 05, 2026

    Қазығұрт тауы

  • Сәуір 17, 2026

    Адам Смит

  • Сәуір 06, 2026

    Жем (азық)

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары