| Поль Сезанн | |
| фр. Paul Cézanne | |
| 1890 жылы салған автопортреті | |
| Туған күні | 19 қаңтар 1839 |
|---|---|
| Туған жері | Экс-ан-Прованс |
| Қайтыс болған күні | 22 қазан 1906 (67 жас) |
| Қайтыс болған жері | Экс-ан-Прованс |
| Азаматтығы |
|
| Жанры | натюрморт, пейзаж, портрет, жанрлық кескіндеме |
| Өнер ағымы | импрессионизм, постимпрессионизм |
| Атақты қолөнерлері | Пьеро және Арлекин (1888), Алмаға толы кәрзеңке (1893), Шомылған әйелдер (1898), Карта ойнаушылар (1890–1895) |
| Сайты | |
Поль Сезанн Ортаққорда | |
Поль Сезанн — француз кескіндемешісі.
Сурет салуда ол реализм мен импрессионизмнен бастап, кейін постимпрессионизмнің ең көрнекті өкілдерінің біріне айналды. «Сезаннизм» деп аталған стильге жол ашқаны кубизм стилінің пайда болуына зор ықпал тигізді.
Мәскеудің А.С. Пушкин мұражайында сақталған Марна жағалауы (1888) немесе Париждің Импрессионизм мұражайындағы Жол бұрылысы (1882) сияқты пейзаждарында суретші кеңістік пен уақыт бірлігін шынайылықпен бейнелейді.
Шабдалы мен алмұрттар (Мәскеу, 1888–1890), Алмалар мен апельсиндер (Париж, 1895–1900), Пердеше, көзе және табақша (Нью-Йорк, 1893–1894) атты еңбектері арқылы натюрморт жанрына терең философиялық мән-мағына мен зерделі толғаныс алып келді.
Карта ойнаушылар, Темекіші, Дәу қарағай сынды суреттер Сезанн шығармашылығының кемелденген шағында жасасған туындыларының санатына жатады. Бұл шығармалардан буырқанған күш-қуат пен өмірдің жойқын тынысы айқын сезіледі.
Галерея
«Тангейзерге» увертюра
Пьеро және Арлекин
Марна жағалауы
Темекіші- Шабдалы мен алмұрттар

Сент-Виктуар тауы және Қара қамал
Арт-нарықта
Поль Сезанн Карта ойнаушылардың бес вариантын салған. Олардың біреуін 2011 жылы қатарлықтар 250 миллион доллардан астам бағаға сатып алған. Бұл кескіндеме өнеріндегі ең қымбат сатып алу болған.
Одан кейін Сент-Виктуар тауын бейнелейтін екі суретінің әрқайсысы 130 миллионнан астамға сатылған болатын.
- 19 қаңтарда туғандар
- 1839 жылы туғандар
- 22 қазанда қайтыс болғандар
- 1906 жылы қайтыс болғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алфавит бойынша суретшілер
- Франция суретшілері