Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Попов қазжуасы (лат. Gagea neopopovii) – лалагүлдер тұқымдасының қазжуа туысына жататын көп жылдық жуашықты өсімдік. Іле Алатауында кездеседі. Жуашығы сұр қабық

Попов қазжуасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
( бетінен бағытталды)
Жаңа Попов қазжуасы
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Дара жарнақтылар
Сабы: Liliales
Тұқымдасы: Liliaceae
Кіші тұқымдасы: Lilioideae
Тегі: Gagea
Түрі: G. neopopovii
Екі-есімді атауы
Gagea neopopovii
Golosk., 1975

Попов қазжуасы (лат. Gagea neopopovii) – лалагүлдер тұқымдасының қазжуа туысына жататын көп жылдық жуашықты өсімдік. Іле Алатауында кездеседі. Жуашығы сұр қабықпен қапталған. Дегелек жапырағы сабағын биіктетеді сабақ жапырағы қандауыр пішінді, қысқа. Үлкен бip гүлi болады. Гүлсерігінің бip бөлігі жалпак, ұзындығы 12-14 мм, ені 4-5 мм, сарғыш ақ түсті. Маусым-шілдеде гүлдеп, тамызда жемістенеді. Тұқымынан кебейеді. Сирек кездесетін жидешік. Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.

Жоғары