Потенциал Ойл - Атырау облысының Исатай ауданында орналасқан Бегайдар бөлікшесіндегі көмірсутек шикізатын барлаумен, өндірумен және бөлісімдеумен айналысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестік. Құрылтайшылары - "Bekstar International Limited" және "Firsk International Oil Corporation" компаниялары. Серіктестіктің негізгі қызметі Атырау облысы Исатай ауданының аумағында орналасқан Бегайдар бөлікшесінің көмірсутектерін барлау, өндіру, сақтау, тасымалдау және өткізу. №651 келісім-шарт Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен "Потенциал Ойл" серіктестігі арасында 2001 жылдың 4 сәуірінде жасалған. Келісімшарттың күшін сақтау мерзімі 30 жыл.
- Мұнай