Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Бір сөз көлемінде немесе бірнеше сөз аралығында алғашқы дыбыстың кейінгі дыбысқа артикуляцпя жағынан өзіне ұқсата ықпал етуін прогрессивтік ассимиляция дейміз.

Прогрессивтік ассимиляция

  • Басты бет
  • Прогрессивтік ассимиляция

Бір сөз көлемінде немесе бірнеше сөз аралығында алғашқы дыбыстың кейінгі дыбысқа артикуляцпя жағынан өзіне ұқсата ықпал етуін прогрессивтік ассимиляция дейміз. Кей авторлар жуан түбірге қосымшаның жуан түрде, жіңішке түбірге қосымшаның жіңішке түрде жалғануын да прогрессивтік ассимиляцияға жатқызады. Буынның (сөздің) жуан-жіңішкелі келуі дауыстыларға байланысты. Мәселен: су + лар + ымыз + ға, жер + лер + іміз + ге деген сөздердің алғашқысы жуан, кейінгісі жіңішке естілуі тиісінше жуан, жіңішке дауыстыларға байланысып тұр; осындағы алғашқы дауыстылар кейінгілерді игеріп тұрғандығы даусыз. Бұл тәрізді құбылысты үндестік заңы (сингармонизм) категориясына жатқыза тексеру мақұл.

Сипгармонизм категориясы дауысты мен дауыстының қарым-қатысын тексереді де, ассимиляция категориясы дауыссыз бен дауыссыздың (кейде дауысты мен дауыссыздың) қарым-қатысын тексереді.

Прогрессивтік ассимиляция: бір сөз көлемінде де (негізгі сез бен қосымша аралығында), екі сөз көлемінде де, біріккен сөз, қоссөз (бірігіп немесе сызықша арқылы жазылатын сөздер) көлемінде де, не болмаса бірнеше сөз көлемінде де, негізгі сөз бен кәмекші сөз аралығында да ұшырай береді.

Тағы қараңыз

  • Ассимиляция
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 06, 2026

    Күнес өзені

  • Сәуір 05, 2026

    Өзен бастауы

  • Сәуір 04, 2026

    Жәңгір-Керей хан

  • Сәуір 03, 2026

    Қазақстан облыстары

  • Сәуір 06, 2026

    Шортанды ауданы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары