Радиотехникалық құралдар — техникалық құрылымдар. Олардың әрекеті ақпаратты беру, барлау, навигация жүргізу үшін радиотолқынның электрмагнитті қуатын (энергиясын) қолдануға негізделген. Олар қолдануына қарай — барлау, тану, байланыс, навигация, объектілер мен қаруларды басқару; құралдар түріне қарай — радиолокациялық, радионавигациялық, радиобайланыс, теледидар және т.б. қондыру орны мен пайдалану шарттарына қарай — тұрақты және жылжымалы (бортты, тасымалдау) болып бөлінеді.
Санаттар:
- Әскери іс туралы аяқталмаған мақалалар
- Әскери іс