Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Рентген сәулелерін 1895 жылы В. Рентген ашқан. Жылдам электрондар кенеттен тежелгенде пайда болатын толқын ұзындығы өте қысқа (10−12÷ 10−9м) электромагниттік сә

Рентген сәулелері

  • Басты бет
  • Рентген сәулелері

Рентген сәулелерін 1895 жылы В. Рентген ашқан. Жылдам электрондар кенеттен тежелгенде пайда болатын толқын ұзындығы өте қысқа (10−12÷ 10−9м) электромагниттік сәулелер рентген сәулелері болып табылады.

Крукс трубкасы

Рентген сәуле шығаруын классикалық электромагниттік теорияның аясында түсіндіруге болады. Бұл теория бойынша үдей қозғалатын зарядталған бөлшек міндетті түрде сәулеленуі тиіс. Қарастырылып отырған жағдайда электрон антикатодқа соғылып тежеледі де, теріс үдеу алады, сондықтан ол сәулеленеді.

Сәулеленудің қуаты электрон зарядының квадратына және оның үдеуінің квадратына пропорционал, яғни р ~ е2а2. Электрон тежелгенде классикалық теория бойынша нөлден шексіздікке дейінгі барлық интервалдағы толқын ұзындықтары бар сәулелер шығу керек. Сәулелену қуатының максимумына сәйкес келетін толқын ұзындығы электрондардың жылдамдығы артқан сайын азаюы тиіс, яғни ол үдетуші U кернеуді арттырғанда қысқа толқындар жағына жылжуы керек.

Мазмұны

Қолданысы

Рентген сәулелері өмірдің көптеген салаларында кеңінен қолданылып отыр. Солардың бірнешеуін атап өтейік. Рентген сәулелерінің өтімділігі жоғары, біздің денеміз бұл сәулелер үшін "мөлдір", осыны пайдаланып ішкі органдардың кескінің шығарып алып, ондағы ауытқушылықтарды зерттеуге болады. Міне, осылайша медицинада рентген сәулелері ауруды айқындап, диагноз қоюға мүмкіндік береді.

Қасиеттері

  1. Бұл сәулелер жоғары өтімділік қабілетіне ие, олар қалыңдығы 10 см алюминий пластинадан оңай өтіп кетеді;
  2. Магнит өрісі рентген сәулелерін ығыстыра алмайды;
  3. Бұл сәулелер химиялық активтілікке ие, олардың әсерінен қара қағазбен жабылып тұрған фотопленка да қараяды;
  4. Сәулелер таралу көзінен сфералық түрде таралмайды, олардың белгілі бағыты болады.

Рентген сәулелерінің қасиеттерін зерттеу барысында физиктер рентген сәулелері жиілігі ультракүлгін сәулелердің жиілігінен жоғары электромагниттік толқындар болып табылады деген қорытындыға келген.

Рентген сәулелерінің табиғаты

Рентген сәулелері екі себептен туындайды.

Олардың біріншісі: жылдам электрондардың кедергі арқылы тежелуі. Бұл жағдайдағы сәулелену тежеулік рентгендік сәулелену деп аталады.

Екінші себебі: жылдам электрондар металл бетінде тежелу кезінде металдың беткі қабатында орналасқан атомдардың электрондардың орналасуының нәтижесінде металл атомдары энергия шығарады. Сәулелену металдың қасиеттеріне тәуелді жүреді, мұндай сәулелену сипаттамалық рентгендік сәулелену деп аталады.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 09, 2026

    Ханық сұлтан ханым

  • Сәуір 04, 2026

    Шетланд аралдары

  • Сәуір 13, 2026

    Амантай Байтанаев

  • Наурыз 29, 2026

    1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс

  • Сәуір 06, 2026

    Келер шақ

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары