Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Рим клубы — 1968 жылы құрылған әлемдік саяси, қаржылық, мәдени және ғылыми элитаның өкілдерін біріктіретін халықаралық қоғамдық ұйым.

Рим клубы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Аурелио Печчеи(ортадағы)

Рим клубы — 1968 жылы құрылған әлемдік саяси, қаржылық, мәдени және ғылыми элитаның өкілдерін біріктіретін халықаралық қоғамдық ұйым.

Ғылыми-техникалық революция дәуіріндегі адамзат дамуының ерекшеліктерін тереңдей түсіну мақсатында италиялық экономист А.Печчеи ұйымдастырды. Оған әлемдегі 30-дан астам дамыған елдердің 100-ге тарта белгілі ғалымдары, қоғам қайраткерлері, бизнес өкілдері енген. Негізгі қызмет бағыттары: жаһандық мәселелерді зерттеуді ілгерілету; осы мәселелерге байланысты қоғамдық пікір қалыптастыру; бұл мәселелерге мемлекет басшыларының назарын аударып, сұхбат құру. Рим клубы баяндамалары ғылыми-техникалық және экон. дамудың жедел қарқыны сақталатын болса 21 ғасырдың 1-жартысында “жаһандық апат” қаупі бар деп дабыл қағуда. Олар “органикалық өсу идеясын” ұсынады. Рим клубының көзқарастарынан табиғат пен қоғам дамуының күрделі қарым-қатынасын реттеу жолдарын іздеуден гөрі ғылыми-техникалық және әлеуметтік дамуды шектеу мөлшерін іздеуге бейімділік байқалады.

Жоғары