Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

«Оскар» (1962 – екі мәрте, 1966 – екі мәрте)«Алтын глобус» (1961, 1965)Ирвинг Тальберг атындағы сыйлық (1967)

Роберт Уайз

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Роберт Уайз
ағылш. Robert Wise
Сурет
Роберт Уайз (1990)
Жалпы мағлұмат
Туған кездегі есімі

Роберт Эрл Уайз

Туған күні

10 қыркүйек 1914 (1914-09-10)

Туған жері

Винчестер, Индиана

Қайтыс болған күні

14 қыркүйек 2005 (2005-09-14)(91 жас)

Қайтыс болған жері

Лос Анжелес, Калифорния, АҚШ

Азаматтығы

 АҚШ

Мамандығы

режиссёр
кинопродюсер
киномонтажёр

Белсенді жылдары

1942—2003

Марапаттары

«Оскар» (1962 – екі мәрте, 1966 – екі мәрте)
«Алтын глобус» (1961, 1965)
Ирвинг Тальберг атындағы сыйлық (1967)

IMDb

ID 0828419

Ортаққордағы Роберт Уайз

Роберт Эрл Уайз (ағылш. Robert Earl Wise; 10 қыркүйек 1914(19140910), Винчестер, Индиана — 14 қыркүйек 2015, Лос Анжелес, Калифорния, АҚШ) — америкалық кинорежиссёр, кинопродюсер және монтажёр. Уайз «Вестсайд хикаясы» (1961) және «Музыка дыбыстары» (1965) туындылары үшін төрт мәрте «Оскар» иегері атанды. Бұл фильмдердің әрқайсысы оған «Үздік режиссер» және «Үздік фильм» номинациялары бойынша жеңіс әкелді. Сонымен қатар, ол монтажёр ретінде «Азамат Кейн» (1941) фильмі үшін «Үздік монтаж» номинациясына ие болған.

Режиссердің кейбір туындыларында қоғам мен саясаттың өзекті мәселелері көтерілген. Ол өз фильмдерінде соғысқа қарсылық пен отаршылдыққа деген сынды ашық көрсетіп, нәсілдік қатынастар мен босқындар тағдырын, көше қылмысы мен әйел затының қоғамдағы орнын, тіпті өлім жазасына қатысты күрделі тақырыптарды арқау еткен.

1971 жылдан 1975 жылға дейін Уайз Америка режиссерлер гильдиясының президенті және 1985 жылдан 1988 жылға дейін Кинематографиялық Өнер және Ғылым Академиясының президенті қызметін атқарды.

Өмірбаяны

Роберт Эрл Уайз Индиана штатының Уинчестер қаласында дүниеге келген. Ол ет өңдеуші Эрл Уайз бен Олив Уайздың отбасындағы кенже бала еді. Кейінірек олардың отбасы Коннерсвиллге қоныс аударып, Роберт сондағы мемлекеттік мектепте білім алады. Бос уақытында киноға баруды жаны сүйген ол мектеп қабырғасында жүріп-ақ шығармашылыққа бейімдігін танытты: мектеп газетіне әзіл-оспақ пен спорт айдарын жазып, жылдық альманахты дайындауға атсалысты, сондай-ақ поэзия клубына мүше болды.

Уайз басында журналист болуды көздеп, мектепті бітірген соң стипендия арқылы Индианаполистің оңтүстігіндегі гуманитарлық бағыттағы шағын Франклин колледжіне оқуға түседі. Алайда 1933 жылы Ұлы тоқырау кезінде отбасының қаржылық жағдайы нашарлауына байланысты ол колледждің екінші курсына орала алмай, бүкіл өміріне арқау болған кино индустриясындағы мансабын бастау үшін Голливудқа аттанады. Одан бірнеше жыл бұрын Голливудқа келіп, RKO Pictures студиясында қызмет етіп жүрген ағасы Дэвид інісін сол студияның жүк тасымалдау бөліміне жұмысқа орналастырады. Осылайша Уайз монтаж саласына ауысқанға дейін студияда әртүрлі қосалқы жұмыстарды атқарып шығады.

Жоғары