Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Ромен Роллан (Rolland) (29 қаңтар 1866, Кламси — 30 желтоқсан 1944, Везле) — француз жазушысы, тарихшы, музыка зерттеушісі, драматург, қоғам қайраткері, Нобель

Ромен Роллан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Ромен Роллан
фр. Romain Rolland
Туған күні

29 қаңтар 1866 (1866-01-29)

Туған жері

Кламси (Ньевр), Бургундия, Француз империясы

Қайтыс болған күні

30 желтоқсан 1944 (1944-12-30)(78 жас)

Қайтыс болған жері

Везле, Бургундия, Француз империясы

Азаматтығы

Үлгі:Fra

Мансабы

прозаик, эссеист, драматург, музыкатанушы

Шығармашылық жылдары

1888 бастап

Шығармалардың тілі

француз тілі

Ромен Роллан (Rolland) (29 қаңтар 1866, Кламси — 30 желтоқсан 1944, Везле) — француз жазушысы, тарихшы, музыка зерттеушісі, драматург, қоғам қайраткері, Нобель сыйлығының лауреаты (1915).

Өмірбаяны

  • Парижде Эколь Нормаль жоғары мектебінде білім алған.
  • 1895 ж. театр тарихынан екі докторлық диссертациясын қорғаған.
  • Ғылыми-педагогикалық жұмыстармен айналысып, Сорбоннада музыка тарихы курсынан лекция оқыған.

Шығармашылығы

  • Шығармашылық жолын драматургиядан бастаған Роллан 1897 ж. “Әулие Людовик” драмасын жариялады.
  • Роллан есімін әлемге әйгілі еткен 10 томдық “Жан Кристоф” (1904 — 12) роман-эпопеясы 1-дүниежүзілік соғыс қарсаңында Еуропа мәдениетінің құлдырауын, өкіметтің қатал тәртібіне қарсы күрескен неміс музыкантының экзистенциалды рухани ізденістерін көрсетті.
  • “Кола Брюньон” (1914, жариялануы 1918) повесінде қоғамдағы мәдениет пен өнер тағдырын толғады.
  • “Ғажайып жан” (1922 — 33) романында қоғамнан өз орнын таппаған интеллигенция тағдыры, кейіпкердің күрделі ішкі әлемі бейнеленді.
  • Ганди мен Тагордың дүниеге көзқарастары қызықтырған Роллан “Махатма Ганди” атты кітабын жариялады
  • “Өлім мен махаббат ойындары” (1925)
  • “Робеспьер” (1939) трагедияларын сахнаға шығарды.
  • “Эпикалық топтама” драмаларында қоғамдағы рухсыздыққа, құлдырауға қарсы шықты.
  • Ол Б.Микеланджело (1907), Л.Толстой (1911), М.Ганди (1923), Ш.Пеги (1944), Л.Бетховендер (1928 — 45) туралы трилогия жазды.
  • Ролланның “Жан Кристоф” романы қазақ тіліне ықшамдалып аударылған (1937).
Жоғары