Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Салиха Қожақова (1941 жыл 23 тамызда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында туған) — актриса. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1998). Мұхтар Әуезов

Салиха Қожақова

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Салиха Қожақова
Жалпы мағлұмат
Туған күні

23 тамыз 1941 (1941-08-23)(84 жас)

Туған жері

Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз

Азаматтығы

 КСРО
 Қазақстан

Мамандығы

актриса

Белсенді жылдары

1960 - осы уақыт

Марапаттары
КСРО Еңбек ардагері медалі

Салиха Қожақова (1941 жыл 23 тамызда Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында туған) — актриса. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1998). Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы (1960 жылдан).

Жалпы мәліметтер

Салиха Қожақова 1960 жылында Қазақ академиялық драма театрының жанындағы студияны бітірген. Сол жылдан қазірге дейін Қазақ академиялық драма театрының актрисасы.

Қожақова 40-тан астам басты рольдерді (М.Әуезовтің "Қара қышлақ Қобыландыда" Қарлыға, "Абайда" Мағыш, "Түнгі сарында" Мөржан, т.б.) орындады. Сондай-ақ, "Менің атым Қожа", "Ән қанаты", "Шоқан Уәлиханов" көркем фильмдеріне түскен. Гастрольдік сапармен Қазан, Уфа, Ресейде және Қазақстан қалаларында болып өнер көрсеткен.

Марапаттары

  • "Театр көктемі" театр фистивальінің бірнеше мәрте жүлдегері.
  • "Еңбек ардагері" медальі;
  • 1998 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі құрметті атағымен марапатталған.
  • 2011 жылы "ҚР тәуелсіздігіне - 20 жыл" медальі;
  • 2016 жылы "ҚР тәуелсіздігіне - 25 жыл" медальі;

Жеке өмірі

  • Жұбайы: актер, ҚазКСР Еңбек сіңірген әртісі, марқұм, Жайсаңбаев Есболған Ботабайұлы (1940-1983жж).
  • ¥лдары - Мұхтар (1962 ж. т.), мұғалім; Шыңғыс (1965 ж. т.), инженер; Нарлан (1975 ж. т.), офицер.
Жоғары