Самар ауданы — Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік.
| Қазақстан ауданы | |
| Самар ауданы | |
| Әкімшілігі | |
|---|---|
| Облысы | Шығыс Қазақстан облысы |
| Аудан орталығы | Самар |
| Ауылдық округтер саны | 8 |
| Ауыл саны | 22 |
| Әкімі | Серік Жеңісұлы Жеңісов |
| Аудан әкімдігінің мекенжайы | Самар ауылы, Горохов көшесі, №58 |
| Тарихы мен географиясы | |
| Координаттары | 49°01′17″ с. е. 83°21′49″ ш. б. / 49.02139° с. е. 83.36361° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 49°01′17″ с. е. 83°21′49″ ш. б. / 49.02139° с. е. 83.36361° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Құрылған уақыты | 7 маусым 2022 жыл |
| Жер аумағы | 5,5 мың км² |
| Уақыт белдеуі | UTC+5:00 |
| Тұрғындары | |
| Тұрғыны | 11 934 адам (2023) |
| Ұлттық құрамы | қазақтар (69,83%), орыстар (25,77%), немістер (1,73%), татарлар (0,99%), басқа ұлт өкілдері (1,68%) |
| Сандық идентификаторлары | |
| Автомобиль коды | 16 |
| Самар ауданының әкімдігі | |
|
| |
|
| |
Географиялық орны
Аудан батысында Ұлан, солтүстігінде Алтай, Катонқарағай, шығысында Күршім аудандарымен, оңтүстігінде Абай облысының Көкпекті ауданымен шектеседі.
Тарихы
Орталығы Самар ауылы болып Семей округі құрамында 1928 жылдың 17 шілдесінде Семей губерниясындағы Бұқтырма уезінің Тимофеев болысы, Зайсан уезінің Көкпекті болысы, Өскемен уезінің Бөкен болысы бірігуімен құрылды. Оның құрамына 24 ауылдық Кеңес (Александов, Батан, Братск, Бөкен, Қазынақ, Көкпекті, Малороссиск, Мариногорск, Меновновск, Миролюб, Мәскеу, Ново-Архангельск, Олегов, Пантелеймонов, Петропавловск, Подгорный, Преображенский, Прохладненский, Розовск, Самар, Славянск, Тимофеев, Шегелек, Чистоярск) кірді.
1930 жылы 23 шілдеде Бүкілресейлік орталық атқару комитетінің қаулысымен Қазақстан автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасындағы округтік бөлініс жойылып, ірілендірілген аудандық бөліністер құрылды. Самар ауданы таратылып, оның аумағы 1930 жылғы 17 желтоқсаннан республикалық бағыныштылықтағы Көкпекті және Күршім аудандары құрамына енді.
Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитетінің 1935 жылғы 24 ақпандағы қаулысымен Көкпекті және Күршім аудандарын ірілендіру барысында құрамында 15 ауылдық кеңесі бар Самар ауданы қайта құрылды.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1954 жылғы 13 тамыздағы Жарлығымен ауылдық кеңестерді ірілендіру жұмыстары жүрді.
Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1963 жылғы 2 қаңтардағы Жарлығымен Өнеркәсіптік және ауылдық жерлерді бөлу бойынша әкімшілік-аумақтық реформа аясында құрамында сегіз ауылдық кеңесі бар Самар ауылдық ауданы болып қайта құрылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 23 мамырдағы Жарлығымен Самар ауданы таратылып, оның аумағы Көкпекті ауданының құрамына енді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № 887 Жарлығымен 7 маусым күні Көкпекті ауданы құрамынан бөліну арқылы Самар ауданы қайта құрылды.
Халқы
| 1939 | 1959 | 1970 | 1979 | 1989 | 2023 |
|---|---|---|---|---|---|
| 34465 | ▼26717 | ▲29037 | ▼26571 | ▼24713 | ▼11934 |
Әкімшілік бөлінісі
22 елді мекен 8 ауылдық округке біріктірілген:
| Ауылдық округтері | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Аққала ауылдық округі | 1560 | ▼1088 | 69,7 | 788 | ▼567 | 72 | 772 | ▼521 | 67,5 |
| Бастаушы ауылдық округі | 1403 | ▼976 | 69,6 | 703 | ▼501 | 71,3 | 700 | ▼475 | 67,9 |
| Құлынжон ауылдық округі | 1539 | ▼1271 | 82,6 | 752 | ▼657 | 87,4 | 787 | ▼614 | 78 |
| Мариногор ауылдық округі | 1275 | ▼820 | 64,3 | 643 | ▼419 | 65,2 | 632 | ▼401 | 63,4 |
| Миролюбов ауылдық округі | 1069 | ▼759 | 71 | 517 | ▼376 | 72,7 | 552 | ▼383 | 69,4 |
| Палатцы ауылдық округі | 1486 | ▼660 | 44,4 | 746 | ▼336 | 45 | 740 | ▼324 | 43,8 |
| Самар ауылдық округі | 6885 | ▼6195 | 90 | 3268 | ▼2981 | 91,2 | 3617 | ▼3214 | 88,9 |
| Сарыбел ауылдық округі | 1087 | ▼533 | 49 | 542 | ▼269 | 49,6 | 545 | ▼264 | 48,4 |
| ЖАЛПЫ САНЫ | 16304 | ▼12302 | 75,4 | 7959 | ▼6106 | 76,7 | 8345 | ▼6196 | 74,2 |
Ірі елді мекендері
| Елді мекен | Халқы (2021) |
|---|---|
| Самар | ▼5948 |
| Аққала | ▼738 |
| Бастаушы | ▼707 |
| Құлынжон | ▼679 |
| Көкжыра | ▼592 |
| Мариногорка | ▼551 |
| Миролюбовка | ▼550 |
Әкімдері
- Раджан Сейітқанов (06.2022 — 04.2023)
- Нұрлан Махамбетов (04.2023 — 08.2024)
- Серік Жеңісов (12.2024 бастап)
Сілтемелер
- Самара ауданы. Әкімшілік өзгерістер
