Сардоба (өзб. Sardoba / Сардоба) — Өзбекстанның Сырдария облысындағы қала типтес елді мекен, Ақалтын ауданының әкімшілік орталығы. Халқы 22 337 адам (2021).
Сардоба Гүлістаннан 40 шақырым, Қазақстан шекарасынан 4 шақырым жерде орналасқан. Сардоба суару каналдарымен қиылысатын шөл даланың жазығында орналасқан. Ауыл атауы «салқын су» дегенді білдіреді. Сардоба – Орталық Азиядағы ерте заманнан белгілі су қоймасы. Егістік пен каналдармен қоршалған ауылшаруашылық елді мекені. Мұнда бірнеше мақта тазалайтын зауыттар мен фермерлер базары жұмыс істейді.
Санат:
- Сырдария облысы елді мекендері