Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Сағынғали Сейітов (20.11.1917, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауданы, Қурайлысай ауылы) — ақын, сыншы, әдебиет зерттеушісі, филология ғылымы кандидаты (1

Сағынғали Сейітов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Сағынғали Сейітов (20.11.1917, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауданы, Қурайлысай ауылы) — ақын, сыншы, әдебиет зерттеушісі, филология ғылымы кандидаты (1961).

Еңбек жолы

  • Орал су транспорты рабфагын (1937) бітірген.
  • Қазақ педагогикалық институтын бітірген (1947).
  • 1941 — 47 ж. әскер қатарында болып, 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан.
  • 1947-1949 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясы Тіл және әдебиет институтында ,ылыми қызметкер
  • 1949-1951 жылдары Қазақстан КП ОК-нің Үгіт, насихат, әдебиет және көркемөнер бөлімдерінде түрлі қызметтер атқарды.
  • Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының директоры (1951 — 52)
  • Әдебиет және өнер институтында бөлім меңгерушісі, аға ғылыми қызметкер (1952 жылдан) болған.

Шығармашылығы

  • “Большевиктер” атты тұңғыш өлеңдер жинағы 1951 ж. жарық көрді.

Сейітовтің 40-тан астам кітабы баспадан шыққан. Жыр жинақтарымен қатар

  • “Қырық жылда” (1957)
  • “Ақын сапары” (1958)
  • “Өмір өрнектері” (1969)
  • “Тоғысқан толқындар” (1974)
  • “Туысқандық туғызған” (1979)
  • “Өлең өлкесінде” (1984)
  • “Пушкин лирикасын қазақ тіліне аудару дәстүрі”, т.б. әдеби-зерттеу еңбектері бар.

Аудармалары

Г.Гейне, А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, В.Маяковский, т.б. шығармаларын қазақ тіліне аударған.

Марапаттары

  • 2-дәрежелі Отан соғысы ордені
  • Қызыл жұлдыз ордені
  • Қаратөбе ауданының құрметті азаматы.
Жоғары