| Сақтаған Бәйішұлы Бәйішев | ||||||||||
![]() | ||||||||||
| Лауазымы | ||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| ||||||||||
| 27 наурыз 1959 — 20 наурыз 1963 | ||||||||||
| Ізашары | Шәкір Қарсыбайұлы | |||||||||
| Ізбасары | Асқар Закарияұлы | |||||||||
| Өмірбаяны | ||||||||||
| Партиясы | КОКП | |||||||||
| Білімі | Марксизм-ленинизм институты (Алматы) | |||||||||
| Дүниеге келуі | 1 қазан 1909 Ақжар, Орынбор губерниясы, Ресей империясы | |||||||||
| Қайтыс болуы | 18 маусым 1982 (72 жас) Алматы, Қазақ КСР | |||||||||
| Балалары | Қанат Бәйішев | |||||||||
| Әскери қызметі | ||||||||||
| Қызмет еткен жылдары | 1941–1946 | |||||||||
| Атағы | ||||||||||
| Шайқасы | Ұлы Отан соғысы, Берлин операциясы | |||||||||
| Марапаттары |
| |||||||||
| өңдеу | ||||||||||
Сақтаған Бәйішұлы Бәйішев (1 қазан 1909, қазіргі Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Ақжар ауылы — 18 маусым 1982, Алматы) — қоғам қайраткері, ғалым, экономика ғылымдарының докторы, профессор (1962), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1956), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1961).
Өмірбаяны
- Марксизм – ленинизм институтын бітірген (Алматы, 1937).
- Қазақ марксизм - ленинизм ғылыми зерттеу институтының директоры (1937 - 38)
- “Социалистік Қазақстан” (“Егемен Қазақстан”) газетінің жауапты редакторы (1938 - 41) қызметтерін атқарды, осылармен бір мезгілде Алматы жоғары оқу орындарында дәріс оқыды.
- Ұлы Отан соғысына басынан аяғына дейін қатысқан (100-атқыштар бригадасының, 364-атқыштар дивизиясының саяси бөлім бастығы, Кеңес Армиясы Саяси бас басқармасы аппаратында жауапты қызметкер болды).
- 1946 - 56 жылдары Қазақстан КП ОК жанындағы Партия тарихы институтының директоры
- 1956 - 68 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясының вице - президенті қызметімен қатар, Экономика институтының директоры (1963 - 67)
- 1968 - 82 жылдары осы институттың бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды.
Еңбектері
Осы жылдары ол елімізде ғылыми кадрлар даярлау, жаңа ғылым салаларын қалыптастыру ісіне елеулі үлес қосты. Қазақстандағы социал - демократиялық қозғалыстың тарихын жазу, марксизм - ленинизм классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударып, басып шығару жөнінде үлкен ұйымдастырушылық жұмыстар жүргізді. Оның ұсынысы бойынша Партия тарихы институтында арнаулы аударма секторы құрылды. Мұнда көптеген әлеуметтік - экономикалық ұғымдардың қазақ тіліндегі баламалары тұңғыш рет тілдік айналымға енгізіліп, әлеуметтік - экономикалық әдебиетті ғылыми тұрғыда аударудың негізі қаланды.
Бәйішевтің ғылыми еңбектері Қазақстандағы қоғамдық ұйымдардың тарихын, республика экономикасының даму кезеңдері мен саяси экономика мәселелерін зерттеуге арналған. Ғалым 300-ден аса ғылыми мақала, 7 монография жариялады. Бұл еңбектер сол кезеңмен үндес, республиканың әлеуметтік - экономикалық жағынан дамуындағы шұғыл қажеттіліктер талабына сай келді. Бәйішев Қазақстанның өндіргіш күштерін орналастыру, республика еңбек ресурстарын саралау және оларды қоғамдық өндіріс мақсатына тиімді пайдалану, республикада экономика ғылымын дамытудың ірі де келешегі мол бағыттарын тұжырымдаудың көш басында болды.
Марапаттары
- Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты (1968). КСРО орден, медальдерімен марапатталған.
- Октябрь революциясы ордені
- 1 дәрежелі Отан ордені
- Еңбек Қызыл Туы ордені
- Құрмет белгісі ордені
- Берлинді алғаны үшін медалі
- 1 қазанда туғандар
- 1909 жылы туғандар
- 18 маусымда қайтыс болғандар
- 1982 жылы қайтыс болғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алматыда қайтыс болғандар
- Қазан төңкерісі орденінің иегерлері
- I дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері
- Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері
- Құрмет Белгісі орденінің иегерлері
- Берлинді алғаны үшін медалінің иегерлері
- 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 30 жыл медалінің иегерлері
- Владимир Ильич Лениннің туғанына 100 жыл мерекелік медалінің иегерлері
- Байғанин ауданында туғандар
- Қазақстан қоғам қайраткерлері
- Қазақстан ғалымдары
- Қазақстан экономистері
- Экономика ғылымдарының докторлары
- Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы академиктері
- Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткерлері
- Профессорлар
- Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегерлері
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары

