Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Қазақстанда Алтайда, Қалба Алтайы мен Ертіс өзенінің қарағайлы ормандарында кездеседі. Дене тұрқы 56 – 85 см, қоразының салмағы 3,5 – 6,5 кг, мекиені 1,7 – 2,3

Саңырау құр

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
( бетінен бағытталды)
Меңіреу құр

Амандық күйі

Least Concern (IUCN3.1)
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Сабы: Тауықтәрізділер
Тұқымдасы: Tetraonidae
Тегі: Меңіреу құрлар
Түрі: T. urogallus
Екі-есімді атауы
Tetrao urogallus
Linnaeus, 1758

Меңіреу құр (лат. Tetrao urogallus) – тауықтәрізділер отрядының құрлар тұқымдасына жататын құс.

Қазақстанда Алтайда, Қалба Алтайы мен Ертіс өзенінің қарағайлы ормандарында кездеседі. Дене тұрқы 56 – 85 см, қоразының салмағы 3,5 – 6,5 кг, мекиені 1,7 – 2,3 кг. Қоразының түсі көкшіл қара, қанатының қауырсыны қызыл қоңыр, бауырында кішкентай ақ түсті дағы болады. Мекиені шұбар келеді. Меңіреу құр Қазақстанның шығыс өңірінде (Марқакөл маңы) кездеседі. Меңіреу Құр – отырықшы, орман құсы. Жазда таудың биік белдеуінде мекендесе, қыс түсе тау етектеріне қоныс аударады. Көбіне жеке жүреді, тек күз бен қыста топ құрады. Жылына 1 рет балапан ұшырады. Жерге ұя салады, 5 – 16-дан жұмыртқалайды, оны мекиені 24 күндей шайқайды.

Күй ойнағы” кезінде меңіреу құрлар ерекше дыбыстар шығарып, бір-бірін тауып алады. Осы “Күй ойнағы” кезінде қораздары бірнеше секундқа естімей қалады, құстың аты осыған байланысты қойылған. Негізгі қоректері – орман ағаштарының сабағы, бүршігі, жапырағы, жемістері, сондай-ақ жәндіктермен де қоректенеді. Меңіреу құрдың жылдан жылға саны азаюда, сондықтан оларды атуға тыйым салынған.

Жоғары