Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Сейдахмет Бердіқұлов (9 мамыр, 1933 жыл, Алматы облысы, Жамбыл ауданы Қарақастек қыстағы – 1994, Алматы) – жазушы, журналист. Лақап аты — Саид Ахмад.

Сейдахмет Бердіқұлов

  • Басты бет
  • Сейдахмет Бердіқұлов

Сейдахмет Бердіқұлов (9 мамыр, 1933 жыл, Алматы облысы, Жамбыл ауданы Қарақастек қыстағы – 1994, Алматы) – жазушы, журналист. Лақап аты — Саид Ахмад.

Қазақстандағы спорт жұлдыздарының табыстарын насихаттауға еңбек сіңірді.

Шапырашты руынан шыққан.

Хронологиясы

  • 1956 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген.
  • 1965 — 1970 жылдары «Қазақстан пионерінің» редакторы,
  • 1970 — 1986 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінің редакторы,
  • 1986 — 1994 жылдары «Жалын», «Балауса» баспаларының директоры болды.

Шығармалары

  • «Сол орамал жоғалмайды». А., «Жазушы», 1965;
  • «Жүрек ұйықтауды білмейді» . А., «Жазушы»(1966),
  • «Жұмыр жерде теңбіл доп». А., «Жазушы» (1968),
  • «Егеулі найза». А., «Жазушы», 1969;
  • «Аспаннан шұға жауған күн». А., «Жазушы» (1975),
  • «Мұңайып оянған қала». А., «Жазушы», 1979;
  • «Үшінші подъезд» . Повестер, әңгімелер. А., «Жазушы» (1980);
  • «Пердесіз көңіл». А., «Жазушы», 1983;
  • «Арбаған мәні бір сиқыр». А., «Жалын», 1987;
  • Немістің Гельмут деген миллионерінің арнайы келіп, Әуезовті көре алмағанына қапа болғанын суреттеген «Миллионер өкінген түн» атты туындысын жазды («Қазақ әдебиеті», 1987, 5 қыркуйек).
  • «Таңдамалы». Екі томдық. А., «Жазушы», 1991.
  • «Ғажайып дәптер» әңгімесінде ұлы жазушының 1910 ж. Семейде оқып жүрген кезінен сыр шертеді. Әуезовтің ұқыптылығы мен білімділігін жас жеткіншектерге үлгі етіп ұсынады («Балдырған», 1962, №9; «Ана тілі», хрестоматия, 2-сынып, А., «Атамұра» баспасы, 1998, 130-132-беттер).
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 13, 2026

    Ақсу-Жабағылы қорығы

  • Сәуір 05, 2026

    Теңіз деңгейі

  • Сәуір 06, 2026

    Сегізаяқ (мағына)

  • Сәуір 04, 2026

    Еуразия тілдері

  • Сәуір 04, 2026

    Бұлғар тілі

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары