
Сексуалды бағыттану — белгілі бір жынысты адамның басқа жынысқа, өз жынысына, не бірнеше жынысқа деген романтикалық немесе сексуалды құштарлық (немесе екеуінің де қосындысы). Көбіне басты сексуалды бағыттану мысалдар қатарына гетеросексуалдылық, гомосексуалдылық, бисексуалдылық жатқызылады да,асексуалдылық кейде төртінші ірі түрі деп танылады.
Сексуалды бағыттанудың бір немесе басқа болған себебі туралы бірде-бір теория әлі кеңінен қолдау таппаған, алайда ғалымдар биологиялық теорияларды қолдайды. Ата-ана тәрбиесінің немесе ерте балалық шақ кезіндегі бастан өткерген жайттардың сексуалды бағытталуға қандай да бір әсері бар екендігін растайтын нақты және тұшымды дәлелдер жоқ. Кейбір адамдар гетеросексуалдылықтан басқа әрекетті табиғи емес деп санаса да, ғылыми зерттеулер олар адамның жыныстық қатынасындағы қалыпты және табиғи құбылыс екенін және өздігінен теріс психологиялық әсерлердің көзі емес екенін көрсетеді.
Түрлі мәдениеттерде адамдардың көпшілігі гетеросексуалды, аз бөлігі гомосексуалдық немесе бисексуалдық бағытқа жақын. Адамның сексуалды бағыттануы континуумның кез келген жерінде бола алады.
- Жыныстық қатынастар