Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Салжұқ әулеті (парсы: آل سلجوق‎ Āl-e Saljuq; 1038 — 1194) — түркі-оғыз әскерінің сол қанатын құраған қынық тайпасынан шыққан әулет. Әулеттің негізін қалаушы Сал

Селжұқ әулеті

  • Басты бет
  • Селжұқ әулеті

Салжұқ әулеті (парсы: آل سلجوق‎ Āl-e Saljuq; 1038 — 1194) — түркі-оғыз әскерінің сол қанатын құраған қынық тайпасынан шыққан әулет. Әулеттің негізін қалаушы Салжұқ. Олардың әуел бастағы атамекені Оңтүстік-батыс Қазақстан аймағы мен Сырдарияның орта саласы болған. Кейбір топтары Сығанақ пен Қаратауды мекендеген. 10 ғасырдың орта шенінде басқа оғыз тайпаларымен қақтығысып қалған салжұқтар Сырдарияның төменгі саласына қоныс аударып, ислам дінін қабылдады. Олар 1010 — 32 ж. Зарафшан мен Нұрата тауларына қарай ойысты, 1038 — 40 ж. Ғазнауи сұлтандығынан Хорасанды (Иранның солтүстік-шығыс облысы) тартып алып, Салжұқ сұлтандығын құрды. Салжұқтардың алғашқы билеушілері ағайынды Тоғрылбек (1038 — 63) пен Шағрыбек (1038 — 59) болды. Салжұқ әулетінің белгілі сұлтандары: Алып-Арслан (1063 — 72), Мәлік шах I (1072 — 92), Санжар сұлтан (1118 — 57). 11 ғасырдың аяғына қарай Салжұқ әулеті билеген мемлекет әлсіреп, ұсақ иеліктерге бөліне бастады. 12 ғасырдың аяғына қарай Салжұқ әулетінің билігі мүлдем жойылды.

1092 жылғы Ұлы Салжұқ империясы, Мәлік шах I өлгеннен соң

Галерея

  •  
    Тұғрыл мұнарасы, Тегерандағы 12 ғ. ескерткіші.
  •  
    Селжүк дәуірінің өнері: Гераттан құмыра, 1180-1210 жж. Британ мұражайы.
  •  
    Салжұқ ақсүйек бас мүсіні, 12–13 ғасырлар, Иран. Нью Йорк өнер мұражайы.
  •  
    Шатрандж шахмат жинағы, жылтыратылған ыдыс-аяқ, 12 ғасыр, Ираннан. Нью-Йорк Метрополитен өнер мұражайы.
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 04, 2026

    Ташкент хандығы

  • Сәуір 02, 2026

    Қосөзен (өркениет)

  • Сәуір 05, 2026

    Грек әліпбиі

  • Сәуір 05, 2026

    Карбон қышқылдары

  • Сәуір 06, 2026

    Қаптал шапан

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары