Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Семей мешіті
Ел

 Қазақстан, Абай облысы

Қала

Семей

Статусы

Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші

Сәулет стилі

қала және сәулет құрылысы

Сәулетшісі

А. Болотов, инженер-поручик Манашев,

Картада орналасуы
Семей мешіті (Қазақстан)Қарабоғаз шығанағыАрал теңізіАрал теңізіАрал теңізіТүрікменстанӨзбекстанӘзербайжанГрузияҚырғызстанТәжікстанҚытайРесейБайқоңырАлматыАстанаШымкентБалқаш көліЗайсан көліАлакөл көліМаңғыстау облысыАтырау облысыБатыс Қазақстан облысыАқтөбе облысыҚостанай облысыСолтүстік Қазақстан облысыАқмола облысыПавлодар облысыҰлытау облысыҚарағанды облысыҚызылорда облысыТүркістан облысыЖамбыл облысыШығыс Қазақстан облысыАбай облысыАлматы облысыЖетісу облысыКаспий теңізі
Семей мешіті (Қазақстан)

Координаттар: 50°24′05″ с. е. 80°15′44″ ш. б. / 50.40139° с. е. 80.26222° ш. б. / 50.40139; 80.26222 (G) (O) (Я)

Семей мешіті, Қос мұнаралы мешіт – Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші. Қос мұнаралы мешіт 1852-1862 жылдары салынған. Ғимарат жобасының авторлары — сәулетші А. Болбатов пен инженер-подпоручик А. Манашев.

Орналасқан жері

Абай облысы, Семей қаласы, Абай көшесі, 50.

Сипаты

Кірпіштен өрілген мешіт ғимаратының жобалық өлшемдері – 30 × 18 метр, жалпы биіктігі – 28,65 метр. Ғимараттың негізгі көлемі оңтүстік-батысқа бағытталған. Құрылыс қабырғалары іргетасынан карнизге дейін өрнекті және рельефті сәндік белдеулері бар кірпіштермен қаланған. Ғимараттың бүкіл периметрі бойымен сәулеттік-көркемдік шешімін айқындайтын сәндік белдеулер қолданылған.

Негізгі намаз залы үш үлкен кеңістік ретінде шешілген. Залдың төбесі күмбезделіп аяқталады. Алтарь бөлігінде орналасқан михраб үш қырлы шығыңқы пішінде орындалып, Қағба бағытына, яғни Мекке қаласына бағдарланған. Негізгі залдың жарықтандырылуы мен көркемдік шешімін 14 тікбұрышты, үстіңгі жағы доғал терезе қамтамасыз етеді. Терезе жақтаулары қима тастармен доғаланып, контур бойымен жалған тастан жасалған сәндік өрнектермен жиектелген. Терезелердің желпуіш тәрізді ағаш торламалары мен төменгі бөліктеріндегі геометриялық өрнекті металл торлары мұсылман өнеріне тән көркемдік элементтерді айқындайды.

Ғимараттың басты (порталды) фасады сәулеттік-композициялық тұрғыдан ерекше айшықталған. Үш кіреберісті баспалдақпен көтерілетін биік кіреберіс торабы күмбезбен көмкерілген. Кіреберіс ризалиті тікбұрышты көлемде орындалып, үшбұрышты фронтонмен және шығыстық стильдегі тіс тәрізді карнизбен аяқталған. Есік ойығының үстіндегі тимпан доғалы пішінде орындалып, негізгі кірпіш қалау фонында ақ түсті сәулелі нұрлармен көркемделген. Есік ойығының екі жағында композиттік ордер элементтері бар ақ түсті колонналар орналасып, олар антаблементтің визуалды тірегі қызметін атқарады. Орталық кіреберістің екі жағында фасадтың симметриялық құрылымын айқындайтын жартылай доғалы биік терезелер орналасқан.

Кіреберіс жағындағы шатыр бөлігінде ғимараттың композициялық құрылымымен үйлесім тапқан екі мұнара орналасқан. Мұнаралар дөңгелек қималы, жіңішке әрі биік құрылымдар ретінде жобаланған. Оларға негізгі залдан ішкі есіктер мен баспалдақтар арқылы өтуге болады. Мұнаралардың бойында жарық түсіретін енсіз, сүйір аркалы терезелер орналасқан. Жоғарғы бөліктерінде өсімдік өрнекті металл қоршаулары бар сегіз қырлы шеңберлі балкондар қарастырылған. Мұнаралардың ұшар бастары дәстүрлі мұсылман сәулетіне тән алтын жалатылған айшықтармен (жарты ай) аяқталған.

Ғимараттың негізгі және портал бөліктеріндегі екі күмбезі де балық қабыршағы тәрізді алтын жалатылған қаптамамен көмкерілген. Күмбездердің ұшар бастары жарты ай тәрізді дәстүрлі мұсылмандық айшықтармен аяқталған.

Жерасты қабаты жерүсті бөлікпен шамалас көлемде жобаланған және төрт бірдей функционалдық бөлмеге бөлінген. Әр бөлмеге екі есіктен қарастырылған. Аталған бөлмелер шаруашылық және қойма мақсатында пайдалануға арналған. Порталды бөліктің астында бұрын тамбур ретінде пайдаланылған жапсарлас бөлме орналасқан, қазіргі уақытта оның кіреберісі жабық. Тамбур жамағаттық мүліктерді сақтауға арналған болуы мүмкін.

Мешіттің сыртқы бүйір қабырғаларында жерасты қабатына апаратын баспалдақты есіктер орналасқан. Ішкі бөлмелерден жоғары қарай көтерілетін баспалдақтар мен мұнараларға шығатын өтпелер ғимараттың функционалдық құрылымын толықтырады.

Ғимараттың сәулеттік-көркемдік келбеті оның жекелеген элементтерінің өзара үйлесімділігімен сипатталады. Негізгі көркемдік шешім мұнаралардың биік конус тәрізді аяқталымдарынан, ірі терезе ойықтарынан, оларды көмкеретін таға тәрізді және сүйір аркалардан, фриздерден, рустовкаланған пилястрлардан, сәндік кірпіш қалау мен рельефті белдеулерден көрініс табады. Ақ түсті сәулеттік бөлшектер мен қызыл кірпіштің үйлесімі ғимараттың өзіндік сәулеттік ерекшелігін айқындайды.

Мешіт аумағы кірпіш дуалмен қоршалып, оның үстіңгі бөлігі арка пішінді металл торлы сәндік қоршаумен толықтырылған.

Бұрын ғимаратта облыстық тарихи-өлкетану мұражайының бөлімшесі және облыстық бейнелеу өнерінің көрме залы орналасқан. Ғимараттың сәулеттік шешімінде шығыстық және мұсылмандық сәулет өнерінің элементтері дәстүрлі кірпіш қалау тәсілдерімен үйлесім тауып, оның тарихи-мәдени және сәулеттік құндылығын айқындайды.


Тарихи деректер

Құрылыс 1858 жылы Сүлейменов, Әбдешов, Рафиқов, Халитов деген сол кездегі атақты көпестер қаражатымен басталып, 1862 жылы біткен. Санкт-Петербург мемлекеттік тарихи мұрағатында осы мешіт жайында Семей қаласы мұсылмандарының бұрынғы өртеніп кеткен мешіт орнына жаңа мешіт салуды өтінген хаттары сақталған. Онда бұл мешіт «қалаға көрік берер еді, діни орталық болар еді» деп көрсетілген. 1897 жылы Василий Халитов деген көпес өз қаржысына ағаштан жасалған қос мұнараны кірпішке ауыстырып, мешітті жаңалайды. Осы мешіт ХІХ ғасыр басында-ақ бірте-бірте Тас мешіт деп аталып кеткен. Кеңес өкіметі кезінде ол әртүрлі халық шаруашылығы мақсаттарына пайдаланылды.
1995 жылы Ұлы Абайдың 150 жылдығы қарсаңында ғана қайта іске қосылды. Жалпы, Қазақстан бойынша мұндай сәулетті архитектурамен салынған қос мұнаралы мешіт біреу-ақ. 1999 жылы мешітке Әнет баба Кішікұлы аты берілді.
2002 жылы қалалық әкімшілік, жергілікті кәсіпкерлер мен жұртшылық қолдауымен қос мұнаралы мешіт күрделі жөндеуден өтті. Бастапқы архитектуралық үлгісін сақтай отырып жаңарған бұл ғимарат Семей қаласындағы тарихи көрікті орындардың біріне айналды.

html error wiki