Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Сидни Люмет (ағылш. Sidney Lumet; 25 маусым 1924 Филадельфия, Пенсильвания, АҚШ — 9 сәуір 2011, Нью-Йорк, АҚШ) — америкалық кинорежиссёр, сценарийші және кинопр

Сидни Люмет

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Сидни Люмет
ағылш. William Wyler
Сурет
Сидни Люмет (1970)
Жалпы мағлұмат
Туған кездегі есімі

Сидни Артур Люмет

Туған күні

25 маусым 1924 (1924-06-25)

Туған жері

Филадельфия, Пенсильвания, АҚШ

Қайтыс болған күні

9 сәуір 2011 (2011-04-09)(86 жас)

Қайтыс болған жері

Нью-Йорк, АҚШ

Азаматтығы

 АҚШ

Мамандығы

режиссёр
сценарийші
кинопродюсер

Білімі

Колумбия университеті

Белсенді жылдары

1930 — 2007

Жұбайы
Рита Гэм
(үйл. 1949; аж. 1955)
Глория Вандербильт
(үйл. 1956; аж. 1963)
Гейл Джонс
(үйл. 1963; аж. 1978)
Мэри Гимбел
(үйл. 1980)
Балалары

2

Марапаттары

Құрметті «Оскар» (2005)
«Алтын глобус» (1978)

IMDb

ID 0001486

Ортаққордағы Сидни Люмет

Сидни Люмет (ағылш. Sidney Lumet; 25 маусым 1924 Филадельфия, Пенсильвания, АҚШ — 9 сәуір 2011, Нью-Йорк, АҚШ) — америкалық кинорежиссёр, сценарийші және кинопродюсер. Соғыстан кейінгі ең жемісті және көрнекті Голливуд кинорежиссерлерінің бірі, жарты ғасыр бойы жылына орта есеппен бір фильм түсірді.

Люмет өз мансабын театрдан бастап, 1950 жылы теледидар бағдарламаларын, ал 1957 жылдан бастап кинофильмдерді түсіруге көшті. Ол кино әлемінде жұмысшы табының өмірін көрсететін, әлеуметтік әділетсіздік мәселелерін қозғайтын және билікке күмәнмен қарайтын Нью-Йорктің шынайы әрі қатал драмаларын түсіретін режиссер ретінде танылды.

1970-жылдары жарық көрген туындылары — негізінен «Ит талтүс» (Dog Day Afternoon) және «Тележелі» (Network) фильмдері оның режиссерлік шеберлігінің шыңы болып саналады. Сыншылар мен көрермендер жоғары бағалаған ең табысты туындыларының қатарына оның алғашқы режиссерлік жұмысы «12 ашулы кісі» (12 Angry Men, 1957) және ең соңғы фильмі «Ажалыңды шайтан білмей тұрып» (Before the Devil Knows You're Dead, 2007) де кіреді.

Ол 2004 жылы киноөнерге қосқан үлесі үшін құрметті «Оскар» сыйлығымен марапатталды.

Жоғары