Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Станокты пулемет (Станковый пулемет) — қуатты автоматты қару. Ол 1000 метрлік қашықтықтағы топталған адам күшін және атыс құралдарын атуға арналған. Құрамында 6

Станокты пулемет

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Станокты пулемет (Станковый пулемет) — қуатты автоматты қару. Ол 1000 метрлік қашықтықтағы топталған адам күшін және атыс құралдарын атуға арналған. Құрамында 6-8 жауынгері бар пулемет бөлімшесі қолданады. Жорыққа шыққан кезде 3-4 жауынгер алып жүруге ыңғайландырылып бірнеше бөлшектерге болінеді. Атыс үшін 250 оқ сиятын таспа пайдаланылады. Әуеде 500 м биіктіктегі нысананы ата алады. Атыс дүркін-дүркін немесе ұзақ уақыт жүргізіледі.

1 минутта 250 — 300 оқ шығарады. Салмағы 20-65 кг. Соғыста пулеметті қолдану қорғаныстың тұрақтылығын арттырады, шабуылмен келе жатқан қарсылас әскерлерінің қатарын ыдыратады. Жаяу әскерлердің, авиациянын соққы беру және атыс қуатын арттырады. Станокты пулеметтің қолданылуы әскерлерді ұйымдастыруға және тактикаға едәуір өзгерістер енгізді.

Жоғары