Статистикалық бағалау әдістері - әлеуметтік-экономикалық үдерістердің сандық жағын оның сапалық жағымен тығыз байланыста бағалау қызметінің мақсатына орай статистикалық зерттеулердің тәсілдері мен ережелері. Статистикалық бағалау әдістері: инвестициялық жобалардың құнын бағалау кезінде; құрылысы аяқталмаған ірі объектілердің құнын бағалау кезінде; салық салу мақсатымен мүліктің құнын жаппай бағалау кезінде; аймақ аралық кәсіпорындарды дамытудың бизнес жоспарлары мен бағдарламаларын жасау кезінде; аймақтағы және елдегі түрлі нарықтарды, салалардың тауарлары мен өнімдері жиынтық бағасының жүйелік өзгерістерін күрделі маркетингілік зерттеулерде пайдаланылады. Есептеудің негізгі екі тәсілі қолданылады, олар: қатынастар тәсілі және кемімел тәсілі.
- Математикалық статистика