Суырма меню (Выдвижное меню; pull-down menu) — қолданбалы программалардың терезелеріндегі негізгі менюді таңдағанда, суырылып шығатын командалар тізімі. Әрбір команда негізгі менюдің атқаратын әрекетін нақты айқындайды. Оның бір командасы тышқан арқылы немесе бағыттауыш пернелер көмегімен тандалады. Команданы тандап алған соң, меню өзі жабылады. Бұл меню экрандағы орынды үнемдеу мақсатында жасалған.
Санаттар:
- Ақпараттану
- Компьютерлік техника