| Суқұйғыш | |
| лат. Aquarius (і. с. Aquarii) | |
| |
| Қысқартылуы | Aqr |
|---|---|
| Символы | Су тасушы |
| Тура көтерілуі | 20h 32m бастап 23h 50m дейін |
| Еңістігі | −25° 30' бастап +2° 45' дейін |
| Ауданы | 980 кв. градус |
| Ендіктерде көрінуі | +65° бастап −87° дейін |
| Ең жарық жұлдыздары (көрінерлік жұлдыздық шама < 3m) | |
| |
| Метеор ағындары | |
| |
| Көршілес шоқжұлдыздар | |
Ортаққордағы санаты: Aquarius (constellation) | |
Суқұюшы немесе Суқұйғыш (лат. Aguarіus) – зодиак шоқжұлдызы.
Күніміз бұл Суқұюшы шоқжұлдызы тұсынан ақпан айында өтеді. Ондағы жұлдыздың бесеуі жарықтау. Егер оларды, бір-бірімен ойша сызықпен қоссақ, онда суы жерге төгіліп жатқан құмыраны көзге елестетеміз. Айсыз ашық түнде жай қырағы көзге одан 90-ға жуық жұлдыз шалынады. Шоқжұлдыз жаңбырлы күз айында жақсы көрінетіндіктен Суқұюшы деп аталады. Суқұюшыдағы R деп белгіленген жұлдыздың табиғаты қызық. Ол ұзақ мерзімдік айнымалы жұлдыздар типіне жатады. Оның жарық сәулесі 5,8 жұлдыздық шамадан 11,5 жұлдыздық шамаға дейін әлсірейді. Бұл құбылу 386,92 күнге созылады. Шоқжұлдызда ең үлкен және бізге ең жақын планетарлық тұмандық бар, ғалымдар оны “Ұлу” деп те атайды. Планетарлық тұмандықтың жұлдыздық шамасы 6,5. Дүрбі арқылы жақсы көрінеді. Оған дейінгі қашықтық 600 жарық жылына тең. Суқұюшыда ета-Акваридтер, Оңтүстік дельта-Акваридтер, Солтүстік йота-Акваридтер делінетін ақпа жұлдыздардың радианттары бар. Төңірегі Кит, Оңтүстікте Балықтар, Ешкімүйіз, Бүркіт, Кіші Ат, Пегас және басқа шоқжұлдыздармен қоршалған.
- Алфавит бойынша шоқжұлдыздар
- Зодиак шоқжұлдыздары
- Катастеризмдер
- Суқұюшы (шоқжұлдыз)
