
Сірке суы — құрғақ жүзім шараптарын табиғи түрде немесе көмірсулар мен спирттерді жасанды жолмен ашытып алынатын өнім. Аспаздықта кеңінен қолданады. Саудаға сірке суы 80%-дық эссенция түрінде немесе 3% және 9% ерітінді күйінде түседі. Барлығын асқазанға зиян болмайтындай 3%- дық ерітінді түріне келтіру қажет. Сірке суларына әр түрлі өсімдіктер тұндырып дәмін келтіреді.
Галерея
Францияда сатылатын әртүрлі хош иістендірілген аспаздық сірке суы
Душицаның бұтағы бар сірке суының бөтелкелері
Мейіз сірке суы
Оңтүстік Кореяда жасалған құрма сірке суы
Қытайдың қара сірке суы
Қытайдағы алма сірке суы