Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Сүт бездері – адам мен жануарларда сүт түзетін қос без. Малда оны желін деп атайды. Адамда сүт бездері 15 – 20 безді бөліктерден тұрады. Осы бөліктерде ана сүті

Сүт бездері

  • Басты бет
  • Сүт бездері

Сүт бездері – адам мен жануарларда сүт түзетін қос без. Малда оны желін деп атайды. Адамда сүт бездері 15 – 20 безді бөліктерден тұрады. Осы бөліктерде ана сүті түзіледі. Сүт бездерінің өсіп-жетілуі ішкі секреция бездерінің (гипофиз, қалқанша безі, т.б.) бөліп шығаратын гормондарына байланысты. Бұл кезең қыздарда (жыныстық жетілу кезеңінде) 10 – 12 жаста байқалады.

Сау сүт Бездері

Cүт бездерінің толықтай қалыптасуы 18 – 20 жаста аяқталады. Cүт бездеріндегі физиологиялық және анатомиялық өзгерістер етеккір келгенде немесе жүктілік кезінде айқын көрінеді. Cүт бездері әйел босанғанда және жас сәбиді емізгенде өзінің даму шегіне жетеді. Ал климакс кезінде кері процесс жүреді.

Cүт бездерінің негізгі қызметі – сүт шығару. Бұл процесс гипофиздің алдыңғы бөлігінде шығарылатын гормондар (пролактин, маммотеген – Қ және ҚҚ, т.б) арқылы басқарылады. Баланы ана сүтімен ұзақ уақыт емізу пролактин мен эстроген гормондарының қызметіне байланысты. Cүт бездерінің жағдайына эндокриндік жүйенің аурулары үлкен әсер етеді. Мысалы, қыздар мен әйелдерде жыныс органдарының (аналық бездердің) жұмысы бұзылса, Cүт бездерінде қатерсіз ісіктер пайда болады. Сондай-ақ әйелдерде мастопатия жиі кездеседі. Әйел организміндегі гормондық тепе-теңдіктің бұзылуы нәтижесінде сүт бездерінде пайда болатын ісікті түйіндер көбінесе бала таппаған немесе сәбиін емізбеген әйелдерде жиірек байқалады. Сүт бездеріндегі қабыну үдерістері, негізінен, мастит кезінде көрініс береді.

Cүт бездерінің ауруларын болдырмау үшін жыныс жүйесі ауруларын дер кезінде емдеу; әсіресе босанғаннан кейінгі кезеңде жеке бастың гигиенасын сақтау; сәбиді емізу ережелерін бұлжытпай орындау қажет. Егер сүт бездерінде түйін пайда болса, дереу маммологқа қаралу керек. Cүт бездеріндегі қандай да бір өзгерістерді флюрография және маммография – рентгенологиялық әдістерімен анықтайды.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 10, 2026

    Тәуелдік жалғау

  • Сәуір 04, 2026

    Словак тілі

  • Сәуір 04, 2026

    Көркем фильм

  • Наурыз 27, 2026

    Тасмола мәдениеті

  • Сәуір 03, 2026

    Қанішер Абылай

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары