Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Табақкеңтатыр аңғары – Балқаш көлінің солтүстігіндегі Тоқырау өзені мен Қалмақеміл, Түлкілі шоқылы таулары аралығында жатқан жазық аңғар.

Табақкеңтатыр аңғары

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Табақкеңтатыр аңғары
Сипаттамасы
Ұзындығы110 км
Ені80, 85 км
Ауданы10,8 км²
Орналасуы
47°49′18″ с. е. 76°27′18″ ш. б. / 47.821708° с. е. 76.454879° ш. б. / 47.821708; 76.454879 (G) (O) (Я)Координаттар: 47°49′18″ с. е. 76°27′18″ ш. б. / 47.821708° с. е. 76.454879° ш. б. / 47.821708; 76.454879 (G) (O) (Я) (T)
Ел Қазақстан
АймақҚарағанды облысы
Табақкеңтатыр аңғары
Табақкеңтатыр аңғары (Қарағанды облысы)
Табақкеңтатыр аңғары

Табақкеңтатыр аңғары – Балқаш көлінің солтүстігіндегі Тоқырау өзені мен Қалмақеміл, Түлкілі шоқылы таулары аралығында жатқан жазық аңғар.

Географиялық орны

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы жерінде орналасқан.

Жер бедері

Солтүстіктен оңтүстікке қарай 110 км-ге созылған, енді жері 80 – 85 км, теңіз деңгейінен ең биік жері 884 м (Елтайқора тауы). Ауданы 10,8 мың км2. Жер бедері негізінен жазық, кейбір жерлерінде ұсақ шоқылы таулар (Үлкен Табаққалған, Қазық, Көкбайтал, Итмұрынды, т.б.) кездеседі. Көктемгі қар, жауын-шашыннан шағын өзендер (Еспе, Ащыөзек, Тоқырау, т.б.) пайда болады.

Өсімдігі

Құнарсыз келген сортаңды қиыршықтасты сұр топырағында шөлге тән баялыш, теріскен, бұйырғын, қара жусан, көкпек, т.б. өсімдіктер өседі.

Жоғары