Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Таман қаған (Ничу Чуло хан) – 604 – 612 жылы Батыс Түрік қағанатының алғашқы билеушісі. Ашина әулетінің Істеми ханнан тараған ұрпақ өкілі.

Таман қаған

  • Басты бет
  • Таман қаған

Таман қаған (Ничу Чуло хан) – 604 – 612 жылы Батыс Түрік қағанатының алғашқы билеушісі. Ашина әулетінің Істеми ханнан тараған ұрпақ өкілі.

Таман қаған
Лауазымы
Батыс Түрік қағанатының 3-ші қағаны
604 — 610
Ізашары Басыл Тегін қаған
Ізбасары Шегу қаған
Өмірбаяны
Діні Тәңіршілдік
Дүниеге келуі белгісіз
Қазақстан
Қайтыс болуы 610 (0610)
Қазақстан
Жерленді Суяб
Әкесі Елтегін Бұйрық қаған
өңдеу Үлгі құжаттамасын қараңыз

Басқаруы

Шығу тегі былайша болып келеді: Істеми – Қара Шұрын Түрік – Янг Соух тегін – Нілі хан – Таман хан. Түрік қағанатында 581 жылы басталған билік үшін талас-тартыстар 7-ғасырдың алғашқы жылдары қағанатты екіге бөледі. Соңғы қаған Қара Шор Түрік 604 жылы қаза тапқаннан соң, Шығыс бөлікте Қытай императоры қытайшыл топтың жетекшісі, сатқын Жанғар ханды билікке отырғызады. Жанғар ханның билігін Батыс бөліктегілер мойындайды. Бұл кездерде Жетісу мен Шығыс Түркістанда бес тайпалы дулу одағының ықпалы басым болатын. Дулу тайпаларының бектері мен ру көсемдері Шығыс бөліктің Қытайға тәуелді болғанын көріп, Құрылтай шақырмай-ақ Нили-ханның жас баласы Таманды таққа отырғызады, оған Нигу Чуло-хан деген атақ береді. Таман хан өте жас болғандықтан бүкіл билік дулулардың қолында болады. Мұндай жағдайда Ашина әулетінің Батыс бөліктегі өкілдері қарсылық білдіреді. Қарсы топты Қара Шор Түріктің немересі Шегуй-хан басқарады. Оның иелігі Ташкент аймағы еді. Жайлауы Талас өзенінің бойындағы Мыңбұлақ деген жердегі нушибилер жерінде болатын. Нушиби тайпаларынан қолдау тапқан Шегуй хан Таман ханға қарсы шығады. Қытай елшілері бұл күресті үдете түседі. Олар Шегуйді ұлы хан екенін мойындап оған ақ қауырсынды бамбук жебе жібереді. Бірақ ол Таман ханның қолына түседі. Шегуй-хан 612 жылы Таман ханға қарсы аттанып, оның әскерін талқандайды да, билікті өз қолына алады. Таман хан болса, Қытайға қашады. Бірақ оны қытайлар Шегуй-ханның елшілеріне ұстап береді. Таман хан сол жылы өлтіріледі.

Сілтеме

Тараз энциклопедиясы

Тағы қараңыз

  Бұл — мақаланың бастамасы.
Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.

Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 10, 2026

    Сөз таптары

  • Сәуір 08, 2026

    Дондағы Ростов

  • Сәуір 08, 2026

    Байзақ ауданы

  • Наурыз 15, 2026

    Салт-дәстүр

  • Сәуір 07, 2026

    Якут тілі

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары