«„Тамбурин“ кафесіндегі Агостина Сегатори» (нидер. In het café- Agostina Segatori in Le tambourin) — Винсент ван Гог суреті, 1887-1888 жылдары қыста Парижде салынған.
Сурет Амстердамдағы Ван Гог мұражайында орналасады.

Тарихы
Бұл картинада жас Ван Гогтың ашық және жарық түстермен жұмысында жетістіктерін байқауға болады. Сурет Парижде Клиши желекжолында «Тамбурин» дәмханасында салынған. Бұл кафені интерьері бойынша жеңіл тануға болады: оның басым бөлігін тамбуринге ұқсас үстелдер құрайды. Ван Гог бұл кафеге өзінің бірнеше ай бойы жұмыс істеген Фернан Кормон шеберханасынан достарымен жиі келетін. Әйелдің бас киіміне көңіл аударсақ, ол Неапольден екенін білуге болады. Ол – осы дәмхананың иесі болды. Кейбір деректер бойынша, Ван Гог пен осы әйел қысқы мерзімді қатынаста болды. Ван Гог бұл кафеде өзінің сүйікті жапон графикасының көрмесін ұйымдастырды. Оның айтуынша, бұл көрме оның достарының Эмиль Бернар мен Луи Анкетен шығармашылығына зор әсер етті. Жапон гравюраларын осы суретте Агостина Сегатори артындағы қабырғада байқауға болады.
Сілтемелер
- In the café: Agostina Segatori in Le tambourin, 1887 (ағыл.) (2005-2011). Басты дереккөзінен мұрағатталған 14 мамыр 2012. Тексерілді, 18 наурыз 2011.