Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Тарту күші — әсерінен ракета қозғалатын, ракета қозғалтқышын күш қондырғысы ретінде анықтайтын негізгі шама.

Тарту күші

  • Басты бет
  • Тарту күші

Тарту күші — әсерінен ракета қозғалатын, ракета қозғалтқышын күш қондырғысы ретінде анықтайтын негізгі шама.

Отынның жану барысында ұдайы қатты қызған газ бөлініп, қуыс канал (сопло) арқылы өте отырып, ракетаны қарсы бағытқа итереді.

Осы күш реактивті күш немесе қозғалтқыштың тарту күші деп аталады. Тарту күші ракетаға іштен де, сырттан да әсер ететін барлық қысым күшіне тең әсер етеді.

Тарту күші екі негізгі құрамды бөліктен қалыптасады:

  • қозғалтқыштың ішкі бетіне әсер ететін жану өнімінің қысым күшінің тең әсері
  • қуыс канал кесіндісінде қысымның түсуі нәтижесінде ракетаның сыртқы бетіне әсер ететін қысым күшінен тұрады.

Тартудың негізгі үлесі реактивті күшке тарту күшінің негізгі құрамдьі бөлігіне тиеді. Ракетаның ұшуы барысында Тарту күші тұрақты емес: биіктеген сайын атмосфералық қысым азайып, қозғалткыштың тарту күші артады. Алыс қашықтыққа ұшатын баллистикалық ракеталарда атмосфералық қысымның әсерінен тарту күші 15%-ға артады. Тарту күші ұшырудың бастапқы не соңғы учаскесінде де тұрақты шама бола алмайды. Тарту күші кг-мен (тоннамен) өлшенеді.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 11, 2026

    Солтүстік Америка

  • Сәуір 03, 2026

    Киелі Кітап

  • Сәуір 04, 2026

    Қарасу ауданы

  • Наурыз 22, 2026

    Мағжан Жұмабай

  • Сәуір 03, 2026

    Шежіре-и Түрк

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары