Таскескен ауданы — 1980-1996 жылдары болған Семей облысының құрамындағы әкімшілік-аумақтық бірлік. Орталығы - Таскескен ауылы.
| Аудан | |
| Таскескен ауданы | |
| Әкімшілігі | |
|---|---|
| Ел |
|
| Кіреді | Семей облысы |
| Енеді | 7 ауылдық округ, 1 кент |
| Әкімшілік орталығы | Таскескен |
| Тарихы мен географиясы | |
| Құрылған уақыты | 17 қазан 1980 жыл |
| Таратылған уақыты | 29 қазан 1996 жыл |
| Тұрғындары | |
| Тұрғыны | 20 774 адам (2009) |
Тарихы
Таскескен ауданы 1980 жылы 17 қазанда Семей облысының құрамында құрылды. Оның құрамына Аягөз ауданының Ақсәуле, Қарақол, Қоңыршәулі, Қопа және Шолпан ауылдық кеңестері, сондай-ақ Үржар ауданының Ново-Троицк және Предгорный ауылдық кеңестері кірді.
1987 жылы Ақтоғай кенті Талдықорған облысының Бөрілітөбе ауданынан Таскескен ауданына берілді.
1993 жылы Ақсәуле ауылдық кеңесі –Ақшәулі, Ново-Троицк – Салқынбел, Предгорный – Алтыншоқы деп өзгертілді.
1996 жылы 29 қазанда Таскескен ауданы таратылды. Сонымен бірге Ақтоғай кенті мен Ақшәулі, Қопа ауылдық округтері – Аягөз ауданына, Алтыншоқы, Қарақол, Қоңыршәулі, Салқынбел, Шолпан ауылдық округтері – Үржар ауданына берілді.
1986 жылы ауданда 7 ауылдық кеңес болған: .
Әкімшілік бөлінісі
1986 жылғы мәлімет бойынша аудан құрамында 7 ауылдық кеңес пен 25 елді мекен болған:
| Ауылдық кеңес | Орталығы | Елді мекендері |
|---|---|---|
| Ақсәуле ауылдық кеңесі | Ақсәуле ауылы | Ақсәуле, Қарабұлақ, Үшащы |
| Қарақол ауылдық кеңесі | Қарақол ауылы | Ақиін, Әбеу, Қарақол, Сағат, Сарытерек |
| Қоңыршәулі ауылдық кеңесі | Таскескен ауылы | Таскескен, Үшбұлақ |
| Қопа ауылдық кеңесі | Қопа ауылы | Қарақұм, Қарасу, Қопа |
| Новотроицк ауылдық кеңесі | Сегізбай ауылы | Желдіқара, Қызылжұлдыз, Новотроицкое, Сегізбай |
| Предгорный ауылдық кеңесі | Предгорное ауылы | Лайбұлақ, Предгорное, Текебұлақ |
| Шолпан ауылдық кеңесі | Жанама ауылы | Ай, Жанама, Қостерек, Ойтас, Шыңырау |
Халқы
| 1989 |
|---|
| 32065 |
Әдебиет
- Семей облысының әкімшілік-аумақтық құрылымының тарихы туралы анықтамалық. — Семей, 2006.
- Қазақ КСР. 1986 жылғы 1 қаңтарға әкімшілік-аумақтық бөлінісі
- Қазақ КСР. 1986 жылғы 1 қаңтарға әкімшілік-аумақтық бөлінісі
- Ресей империясы, КСРО халық санақтары