| Тахауи Ахтанов | |
Тахауи Ахтанов | |
| Туған күні | 25 қазан 1923 |
|---|---|
| Туған жері | Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шетырғыз ауылы |
| Қайтыс болған күні | 25 қыркүйек 1994 (70 жас) |
| Қайтыс болған жері | Алматы |
| Азаматтығы | КСРО |
| Мансабы | Жазушы, драматург |
| Шығармалардың тілі | |
| Дебюті | 1940 жылдар |
Тахауи Ахтанов (1923—1994) 25 қазанда Ақтөбе облысының Шалқар ауданы, Шетырғыз ауылында туған.
Әлімұлы тайпасының Шекті руынан шыққан.
1940 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтына оқуға түседі. Екінші курста оқып жүргенде өзі сұранып майданға аттанады. Алғашқы әдеби көркем шығармалары өлең, очерк түрінде майдан газеттерінің беттерінде жарияланды. 1948 жылы әскер қатарынан босағаннан кейін, әдеби еңбекпен айналысады. Алғашқы өлеңдері "Жастар дауысы" деп аталатын ұжымдық жинақта жарық көрді. Осы кезде оның әдеби-сын мақалалары молырақ басылып, алғашқы монографиялық зерттеу еңбегі жарияланды. Әйтсе де, жазушының өнімді де жемісті еңбек еткен жанрлары - проза мен драматургия.
Баспасөз бетінде алғаш жарық көрген әңгімесі - "Күй аңызы". 1956 жылы "Қаһарлы күндер" атты романы жарық көрді. "Дала сыры" повесі үшін (өңделіп, толықтырылып, "Боран" романына айналды) авторға 1966 жылы Қазақ КСР-нің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді. 1968 жылы жазылған "Сәуле" драмасы, одан кейінгі "Боран", "Ант", "Әке мен бала" драмалары да қазақ сахнасының өміршең туындыларына айналды. "Махаббат мұңы", "Күтпеген кездесу" драмалары, "Арыстанның сыбағасы", "Күшік күйеу" комедиялары қазақ, орыс және туысқан халықтар сахнасында көрінді. А.Н. Толстойдың "Азапты сапарда" трилогиясын, М. Горькийдің әңгімелерін қазақ тіліне аударды.
"Көркем әдебиет" баспасында редактор, бөлім меңгерушісі, киностудияда сценарий бөлімінің бастығы. "Әдебиет және искусство" - "Жұлдыз" журналының редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, көркемөнер бас басқармасының бастығы, республикалық кітап палатасының директоры сияқты жауапты қызметтер атқарды.
II дәрежелі Отан соғысы орденімен, екі рет Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту, "Құрмет Белгісі" ордендерімен марапатталған. Қаламгерге Қазақстанның Халық жазушысы атағы берілген.
1997 жылы Ақтөбе қаласындағы драма театрына жазушының есімі берілді.
Сілтемелер
- Тахауи Ахтанов Adebiportal.kz сайтында
- Ахтанов ақиқаты — «Ана тілі», 29.09.2013
| ||||||||||||||
| Бұл — тұлға туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
- 25 қазанда туғандар
- 1923 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Шалқар ауданында туғандар
- 25 қыркүйекте қайтыс болғандар
- 1994 жылы қайтыс болғандар
- Алматыда қайтыс болғандар
- Алфавит бойынша жазушылар
- Қазақ жазушылары
