Таңшолпан — «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының 1992 жылдан бері шығатын таңғы ақпараттық-көңілашар бағдарламасы.
| Таңшолпан | |
2018 жылдан бергі логотипі | |
| Жанр | таңғы көңілашар бағдарламасы |
|---|---|
| Жүргізуші | Бексұлтан Әкімжан |
| Мемлекеті |
|
| Тілі | қазақша |
| Алғашқы шығарылым | 1992 жыл |
| Өндіріс | |
| Жетекші | Таңғы бағдарламалар шығармашылық бірлестігі |
| Түсірілім орны | Астана, Қазмедиа орталығы |
| Ұзақтығы | ~150 минут |
| Хабар тарату | |
| Телеарна | |
| Трансляция кезеңі | 14 желтоқсан 1992 — күні бүгінге дейін |
| Хронология | |
| Ізашар бағдарлама | Жаңа күн |
| Ұқсас бағдарлама | Оян! (Хабар) |
| Сілтемелер | |
| qazaqstan.tv/projects/tansholpan/ | |
Түпнұсқа хабар эфирге шығатын уақыты: дүйсенбі-жұма, сағат 07:00-10:00 аралығында.
Тарихы
Бағдарлама алғаш рет 1992 жылы 14 желтоқсанда дүйсенбі күні, сағат 7:00-9:00 аралығында эфирге шықты. Алғашқы хабарды Иманбай Жұбай және Лаура Юсупжанова жүргізді. Бағдарламаны «Таңшолпан» деп атау Шерхан Мұртазаның идеясы. Бастапқыда бағдарламаны жай ғана таңғы бағдарлама деп атаған. Бағдарлама бекітілген соң, Шерхан Мұртаза «Таңшолпан» деп атады. Әрі бұл жазушы кейіпкерінің есімі болатын. Сөйтіп, Шерхан Мұртаза батасын беріп, Иманбай Жұбаев қостап эфирге шығарды.
Бағдарламаның алғашқы тобында бас редактордың орынбасары Бақберген Табылдиев, бөлім меңгерушісі Серік Есенов, бас режиссер Нұрлан Жұманиязов, режиссер Асыл Қаптағаева, редакторлар – марқұм Кенжебай Жармұхамбетов, Ғалия Әженова, Азамат Қалымбетов, Мұхтар Түменбаев, Дархан Наушабаев, Қуат Борашев, Базархан Айтмағамбетов, Әміролла Саримов, Гүлмария Көптілеуова, Құдайберген Қазыбаев, Махамбет Сәрсенбиев, Ғазиз Тастаев, Балжан Баялиева жұмыс істеді. Бағдарлама эфирге шығу барысында өзінің тарихында атауын бірнеше мәрте өзгертті.
Бағдарлама ұжымы
Логотиптері
- Таңшолпан бағдарламасының 2012 жылғы эмблемасы
- Таңшолпан бағдарламасының 2013 жылдардағы белгісі
Айдарлары
- Қызықты мәлімет Мұрағатталған 8 қарашаның 2014 жылы.
- Қазақ жері Мұрағатталған 25 тамыздың 2014 жылы.
- Ырғақ Мұрағатталған 25 тамыздың 2014 жылы.
- Ауа райы Мұрағатталған 17 шілденің 2014 жылы.
- Баспасөзге шолу Мұрағатталған 25 тамыздың 2014 жылы.
- Мультфильмдер Мұрағатталған 25 тамыздың 2014 жылы.
Қызықты мәліметтер
- Бағдарлама ең алғаш ашылған уақыттарда «Зейнеп апайды тыңдасақ…» атты арнайы айдарды жазушы Зейнеп Ахметова, «Заң мен заман» жобасын Мақсұт Нәрікбаев басқарған.
- 2012 жылдың қараша айының 23-де Студенттер сарайында «Таңшолпан» бағдарламасының 20 жылдығы аталып өтілді.
- 2012 жылдан бастап «Таңшолпан» бағдарламасы өз көрсетілімін Астанадағы «ҚазМедиа» орталығынан таратып көрсете бастады. Соған орай бағдарламаның дизайны да өзгерді.
- «Таңшолпан» бағдарламасы өз кезегінде неше түрлі байқаулар ұйымдастырып отырады. Мысалы, «Ең жас батыр ана» байқауы, «Парасатқа құштарлық» байқауы.
- «Таңшолпан» бағдарламасы тікелей эфирде өтеді.
- «Таңшолпан» бағдарламасының жүргізушілері күн сайын көрермендерге әр түрлі тақырыпта сауалдар тастап, викториналық сұрақтар қойып отырды.
- 2 маусым 2014 жылдан бастап «Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасы жаңа студияда, жаңаша бағытта шыға бастады.
Викториналық ойын
Футболдан 2014 жылғы Әлем чемпионатына орай ұйымдастырылған викториналық сұрақтар ойнатылды.
