| Таңқы шаян Қазбалық ауқымы: Jurassic–Recent | ||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() Liocarcinus vernalis | ||||||||||||||
| Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
| Sections and subsections | ||||||||||||||
|
Таңқы шаян (лат. Brachyura) – он аяқты шаян тәрізділер отрядыныі бір тармағы. 4 мыңнан астам түрі бар.
Биологиялық сипаттамасы
Басы кішкене, баскеудесі кең, кеуде қалқаншасы 2-20 см, терең суда кездесетін Жапон Таңқы шаянның кеуде алқаншасы 60 см-ге дейін.Таңқы шаян аяғының бірінші жұбы қысқышқа айналған. Құрсағы қысқа, баскеудесі астына қарай иілген. Еркегінің бауыр аяқтарының 2 жұбы шағылыс аппараттарына, ұрғашысында 4 жұбы уылдырығын жетілдіруге арналған. Таңқы шаяндар теңізде, тұщы суларда, құрлықта тіршілік етеді. Дамуы метаморфоз арқылы өтеді. Уылдырығынан личинка- зоеа шығады, бұл «мегапол» деп аталатын личинкаға, кейін ересек таңқы шаянға айналады.Жемі- омыртқасыздар.
Қолданылуы
Таңқы шаянның көптеген түрі жеуге жарамды, кәсіптік маңызы бар. Кәсіптік моллюскілерді құртатын, балық ауын жыртатын, кейде ін қазып бөгендерге зиян келтіретін түрлері бар.
- Онаяқты шаяндар
