Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Тебриз мектебі — шығыс миниатюралық кескіндеме мектебі. XIII ғасырдың аяғы мен XIV ғасырдың басында осы мектеп суретшілерінің алғашқы туындылары өмірге келді. С

Тебриз мектебі

  • Басты бет
  • Тебриз мектебі

Тебриз мектебі — шығыс миниатюралық кескіндеме мектебі. XIII ғасырдың аяғы мен XIV ғасырдың басында осы мектеп суретшілерінің алғашқы туындылары өмірге келді. Сақталған кескіндемелік туындылары тобынан Фирдоусидің “Шаһнамасына” (1330 – 1340) салынған иллиадаларды айрықша атауға болады. XVI ғасырдың басында Тебриз мектебі қалыптасты; ол, әсіресе, Тебриз қаласының билігі Сефеви әулетіне көшкеннен кейін Герат миниатюра мектебі дәстүрімен тығыз байланыста дамыды. Астаналық Тебриз қаласына арнайы шақыртылып алынған суретшілер қатарынан көрнекті шебер Бехзад 1510 жылдан осы қалада тұрып, кітап көркемдеу ісімен айналысты әрі оны өзінің асқан шеберлігімен миниатюралық өнердің шырқау шыңына жеткізу жолында жемісті еңбек етті. Тебриз мектебі сарайлық сипатта болғанымен, оның шеберлері канондық бейнелеуден қол үзіп, табиғат көрінісі мен қарапайым халықтың өмірін шынайы суреттеуге бой ұрды. Ғажайып шеберлікпен салынған көп тұлғалы композициялар Тебриз мектебі шеберлерінің жетістігіне саналады. Оның белгілі суретшілері: Қасым Әлі, Сұлтан Мұхаммед, Аға Мирек, т.б. XVI ғасырдың аяғында Тебриз мектебі Исфаһан миниатюра мектебіне жол берді. Тебриз мектебі шеберлері қолынан шыққан кейбір туындылар Лондон қаласындағы Британ музейінде, Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы Мемлекеттік Эрмитажда сақтаулы.

Сілтемелер

  1. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том

Тағы қараңыз

  • Орта Азия миниатюра мектебі
  • Парсы миниатюрасы


Өнер Бұл — өнер бойынша мақаланың бастамасы.
Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 05, 2026

    Ядролық энергия

  • Наурыз 22, 2026

    Оттегі

  • Наурыз 12, 2026

    Қожа

  • Сәуір 11, 2026

    Мехрабад (Тәжікстан)

  • Сәуір 10, 2026

    Ес - аймақ

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары