Текей Қарпықұлы (шамамен 1679, Ақтайлақ өңірі – 1764) — белгілі батыр, қолбасшы.
Өмірбаяны
Алшын тайпасының Кете руынан шыққан. 1711, 1723, 1726 жылы жоңғар басқыншыларымен болған ұрыстарда ерлігімен көзге түскен. Ел аузындағы әңгімелерде Текейдің батыр, палуан, әнші болғаны айтылады. Текей есімі Сыр сүлейлерінің шығармаларында орын алған.
Деректер
Т.Ізтілеуов, Шегебай Бектасұлы және Аманжол ақындар оған арнау, дастан, журналист-жазушы М.Исаев «Әз Тәукенің Текей батыры» (1994) атты кітап шығарған. Текей есімі Түркістандағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесіндегі хан, би, батырлар тізімінде жазылса, Қармақшы ауданы аумағында «Текей әулие» бейіті бар. Сонымен қатар ауданда «Текей құмы», «Текей қазған құдық» атты жер-су атаулары кездеседі.
- Тұлғалар
- Қазақ батырлары
- Қолбасшылар