
Теодор Адорно (нем. Theodor Ludwig Wiesengrund Adorno) (11.9.1903 Майндағы Франкфуртта туған — 6.8. 1969 Фиспте (Швейцария) қайтыс болған) — неміс философы, әлеуметтанушысы, музыкатанушысы, Франкфурт мектебінің өкілі.
1934 жылдан бастап Ұлыбританияда, 1938 жылдан бастап АҚШ-та эмиграцияда болған. 1949 жылы Майндағы Франкфуртқа қайтып келді. Адорноның көзқарастары 1960-шы жылдардың солшыл радикал студент қозғалысына зор әсер еткен. Оның эпистомологиялық жұмыстары, сонымен қатар, жаңашыл қоғам мен көпшілік мәдениетіне жасаған сыни талдаулары үлкен келіспеушілік туғызды.
Санаттар:
- Германия философтары
- Германия музыкатанушылары
- Германия әлеуметтанушылары
- Марксистер
- 1903 жылы туғандар
- 1969 жылы қайтыс болғандар