Теректі ауданы — Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан аудан. Аудан Батыс Қазақстан облысы құрамында 1933 жылы құрылды. Әкімшілік орталығы - Теректі ауылы, Орал қаласынан 46 км жерде орналасқан. Ауданның аумағы - 8,0 мың шаршы км., Батыс Қазақстан аумағының 5.6 % бөлігін құрайды.
| Қазақстан ауданы | |
| Теректі ауданы | |
| Әкімшілігі | |
|---|---|
| Облысы | Батыс Қазақстан облысы |
| Аудан орталығы | Теректі |
| Ауылдық округтер саны | 15 |
| Ауыл саны | 49 |
| Әкімі | Әлия Биғазықызы Мұханбетжанова |
| Аудан әкімдігінің мекенжайы | Теректі ауылы, Сұңқар көшесі, №18 |
| Тарихы мен географиясы | |
| Координаттары | 51°07′20″ с. е. 51°58′43″ ш. б. / 51.12222° с. е. 51.97861° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 51°07′20″ с. е. 51°58′43″ ш. б. / 51.12222° с. е. 51.97861° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Құрылған уақыты | 1933 |
| Жер аумағы | 7 968 км² |
| Уақыт белдеуі | UTC+5:00 |
| Тұрғындары | |
| Тұрғыны | 39 019 адам (2023) |
| Ұлттық құрамы | қазақтар (82,70%), орыстар (11,88%), украиндар (2,78%), басқалары (2,64%) |
| Сандық идентификаторлары | |
| Пошта индексі | 091100- 091129 |
| Автомобиль коды | 07 |
| Теректі ауданының әкімдігі | |
|
| |
|
| |
Географиялық орны, топырағы
Аудан Жайық өзенінің сол жағалауында орналасқан. Аудан солтүстігінде Жайық өзенімен, батысында Бәйтерек ауданымен және Орал қаласымен, шығысында Бөрлі, Сырым және оңтүстігінде Ақжайық аудандарымен шектеседі. Топырақ - климат қорын және ауыл шаруашылығының бәсекеге төтеп беретін жағдайын есепке ала отырып аудан аумағы екі табиғаттық - экономикалық кеңістікке бөлінген: ауыл шаруашылық кеңістік - далалық дәнді дақылдық - мал шаруашылығы (ауданның солтүстік бөлігі,онда бонитет балы 20 дан 36 ға дейін қара - каштанды және каштанды топырақ таралған); ауылшаруашылдық кеңістік - сырталды, малшаруашылық - дәнді дақылдар аумағы (ауданның оңтүстік бөлігі, онда бонитет балы 16 дан 28 ге дейін болатын ақшыл - каштанды топырақ таралған).
Аудан аумағында Батыс Қазақстан облысындағы ең үлкен Шалқар көлі (360 ш.км.) орналасқан.
Халқы
| 1939 | 1959 | 1970 | 1979 | 1989 | 1999 | 2009 | 2021 |
|---|---|---|---|---|---|---|---|
| 24214 | ▼23460 | ▲26324 | ▲29027 | ▲29326 | ▲44603 | ▼39463 | ▼38285 |
Халқының саны 2019 жылы 38 086 адамды құрады. Ұлттық құрамы: қазақтар — 81,85%, орыстар – 12,31%, басқалары — 5,84%.
Әкімшілік бөлінісі
49 елді мекен 15 ауылдық округке біріктірілген:
| Әкімшілік бірлік | Орталығы | Елді мекендері | Халқы (2021) |
|---|---|---|---|
| Ақжайық ауылдық округі | Ақжайық ауылы | 5 | ▼4207 |
| Ақсоғым ауылдық округі | Ақсоғым ауылы | 4 | ▼1179 |
| Ақсуат ауылдық округі | Ақсуат ауылы | 4 | ▼2734 |
| Аңқаты ауылдық округі | Аңқаты ауылы | 6 | ▼1318 |
| Богданов ауылдық округі | Богдановка ауылы | 4 | ▼739 |
| Долин ауылдық округі | Долинное ауылы | 4 | ▼1628 |
| Құмақсай ауылдық округі | Құмақсай ауылы | 1 | ▼620 |
| Подстёпный ауылдық округі | Подстёпное ауылы | 4 | ▲10983 |
| Покатилов ауылдық округі | Покатиловка ауылы | 1 | ▼961 |
| Приречный ауылдық округі | Приречное ауылы | 1 | ▼640 |
| Теректі ауылдық округі | Теректі ауылы | 4 | ▲5791 |
| Ұзынкөл ауылдық округі | Ұзынкөл ауылы | 1 | ▼869 |
| Шаған ауылдық округі | Жаңаөмір ауылы | 3 | ▲3854 |
| Шағатай ауылдық округі | Шағатай ауылы | 4 | ▼1715 |
| Шалқар ауылдық округі | Сарыөмір ауылы | 3 | ▼1482 |
Ірі елді мекендері
| Атауы | Статусы | Халқы (2021) |
|---|---|---|
| Подстёпное | ауыл | ▲9562 |
| Теректі (Фёдоровка) | ауыл | ▲5143 |
| Жаңаөмір | ауыл | ▲3356 |
| Ақжайық | ауыл | ▼2943 |
| Сарыөмір | ауыл | ▼1249 |
| Шағатай | ауыл | ▼1109 |
| Ақсуат | ауыл | ▼1078 |
| Аңқаты | ауыл | ▼1012 |
| Покатиловка | ауыл | ▼961 |
| Долинное | ауыл | ▼900 |
| Ұзынкөл | ауыл | ▼869 |
| Пойма | ауыл | ▲839 |
| Приречное | ауыл | ▼640 |
| Лесопитомник | ауыл | ▲639 |
| Абай | ауыл | ▼629 |
| Құмақсай (Новопавловка) | ауыл | ▼620 |
| Магистральное | ауыл | ▼587 |
| Ақсоғым (Восход) | ауыл | ▼549 |
