
Термодинамикалық жүйе — бір-бірімен және сыртқы ортамен энергия және зат алмаса алатын макроскопиялық денелер мен өрістердің жиынтығы.
Термодинамикалық жүйенің түрлері
- Оқшауланған жүйе
Сыртқы ортамен энергия және зат алмаспайтын жүйені оқшауланған жүйе деп аталады.
2. Ашық жүйе
Сыртқы ортамен энергия да, зат та алмасатын жүйені ашық жүйе деп атайды
3. Жабық жүйе
Сыртқы ортамен энергия алмаса алатын, бірақ зат алмаса алмайтын жүйені жабық жүйе деп атайды
Термодинамикалық жүйенің жұмысы
Термодинамикалық жүйенің жұмысы - термодинамикалық жүйе тарапынан сыртқы денеге әсер етуші күштің жүмысы; жүйеден сыртқы денеге берілген немесе одан алынған энергияға тең деп шамаланады.
Санат:
- Термодинамика