Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Теңіз шошқалары (Cavia) - шошқа тәрізді тұқымдасына жататын кеміруші сүтқоректілер. Дене ұзындығы 35 см-ге дейін; құйрығы сыртынан байқалмайды, артқы аяқтары үш

Теңіз шошқалары

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Теңіз шошқалары
Cavia aperea
Cavia aperea
Амандық күйі

Least Concern (IUCN)
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Animalia
Жамағаты: Chordata
Кіші жамағаты: Vertebrata
Табы: Mammalia
Сабы: Rodentia
Кіші сабы: Hystricomorpha
Тұқымдасы: Caviidae
Кіші тұқымдасы: Caviinae
Тегі: Cavia
Pallas, 1766

Теңіз шошқалары (Cavia) - шошқа тәрізді тұқымдасына жататын кеміруші сүтқоректілер. Дене ұзындығы 35 см-ге дейін; құйрығы сыртынан байқалмайды, артқы аяқтары үш саусақты. Оңтүстік Американың ашық далалық аймақтарында таралған. Жеке дара, кейде топ құрып өмір сүреді. Ін қазады немесе басқа жануар індерін иеленеді. Белсенділігі түнде байқалады. Жыныстық жетілуі 55- 70 күн. Буаздылығы 60-70 күнге созылады. 1-4 ұрпақ береді. Жыл бойы көбейеді. 8 жыл өмір сүреді. Зертханалық жануар. Көптенген жаңа түрлері шығарылған терісінін бояумен, құрылымы әртүрлі.

Жоғары