| Тит Ливий | |
| |
| Туған күні | б.з.б. 59 жыл |
|---|---|
| Туған жері | Патавиум |
| Қайтыс болған күні | б.з. 17 жыл |
| Қайтыс болған жері | Патавиум |
| Азаматтығы | |
| Қызметі | Ежелгі Рим тарихшысы |
Тит Ливий - (б.з.б. 59 жыл, Патавиум - б.з. 17 жыл, Патавиум) - ежелгі Рим тарихшысы.
Римде тұрып, қызмет істеген, император Августтың қамқорлығында болған. «Қала негізі қаланғаннан бергі Рим тарихының» авторы. «Рим тарихының» 142 кітабынан 35 кітап (б.з.б. 293 жылғы және б.з.б. 218-168 жылдардағы оқиғалар баяндалған) сақталған. Ол Рим тарихын зерттемеген, тек баяндап шыққан. Замандастары және онан кейінгі ұрпақтар Ливий жазбаларын тарихи еңбек үлгісі, ал автордың өзін «Рим Геродоты» деп таныған.
Санат:
- Алфавит бойынша тұлғалар
